04.04.2007, 10:42 3214

Денсаулық сақтау министрлігі өзек клеткаларды тәжірибе жүзінде пайдалану мәселесін тиісті құқықтық база әзірленгеннен кейін қарастыруға дайын

АСТАНА. 4-сәуір. Kazakhstan Today. Денсаулық сақтау министрлігі өзек клеткаларды (стволовые клетки) тәжірибеде пайдалану мәселесін тиісті ғылыми әдістемелер мен нормативті құжаттар дайындалғаннан кейін қарастыруға әзір. Бұл жөнінде журналистерге денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Меніңше, клеткалық технологияны қолдану - перспективалы бағыт. Медицина тәжірибесінде осы технологияларды заңды қолдануды қамтамасыз ететін әдістемелер, нормативті құжаттар қажет. Жұмыс істеп жатқан ғалымдар сол әдістемелерді дайындағаннан кейін ғана, ел заңына сәйкес біз оны қарастыруға, бекітуге, клиника алдындағы, сосын клиникалық сынақ жүргізіп, тәжірибеге енгізуге дайынбыз",-деді А.Дерновой.

2007-жылы қаңтар айында денсаулық сақтау министрлігі "клиника тәжірибесінде клеткалық технологияны қолдану жөніндегі" бұйрыққа қол қойды. Соған сәйкес, өзек клеткаларды (стволовые) адамға қондыру сынақтары тоқтатылған болатын. "Көптеген елдерде клеткалық технологияны пайдалану сынақтарын адамға жүргізуге тыйым салынған, сондықтанда біз халықаралық талаптарды орындаймыз. Менің бұйрығыммен адамдарға заңсыз сынақ жасау, медицина тәжірибесінде клеткалық технологияларды қолданудың арнайы бағдарламасының, ғылыми әдістемелердің , заңды базаның , нормативті құжаттардың жоқтығына байланысты тоқтатылды", -деді министр.

Сонымен қатар ол "осы бағыттағы ғылыми зерттеулерге рұқсат берілгенін", атап өтті. "Осы әдістемелерді жасап жатқан авторларға оның нәтижелі екенін дәлелдеу қажет. Бүгінде бұл технологияны пайдалану нәтижесін айғақтайтын дәлелдер жоқ",-деді А.Дерновой.

Алайда, ол 2006 жылы желтоқсанда "жаңа технологияларды пайдалану үшін тиісті база жасаумен" айналысып жатқан жұмысшы топтың құрылғанын айтты. "10 сәуір күні комиссия мәжілісі өтеді, осы аралықта әзірленген құжаттарды қарастырады, клеткалық технологияларды пайдалануға қатысты ғалымдардың ұстанымын зерделейтін болады",-деп хабарлады министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны