28.01.2008, 17:07 3218

Денсаулық сақтау министрлігі жас дәрігер мамандары үшін әлеуметтік көмек қоржынын дайындады -министрлік басшысы

Денсаулық сақтау министрлігі жас дәрігер мамандары үшін әлеуметтік көмек қоржынын дайындады -министрлік басшысы

Астана. 28 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - ҚР денсаулық сақтау министрлігі арнайы жас дәрігер мамандары үшін әлеуметтік қоржынын дайындады. Бұл туралы бүгін парламентте өткен үкімет сағатынан кейін ҚР денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Анатолий Дерновой журналистерге берген сұхбатында құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Ауылды жерлерде медицина қызметкерлері өте тапшы. 2900 дәрігер ауылдарға жетіспейді. Сондықтан премьер-министрдің тапсырмасымен жас мамандар үшін арнайы көмек қоржынын ойластырып дайындадық", - деді А. Дерновой.

Оның сөздері бойынша, көрсетілетін әлеуметтік тізім бойынша, жас маман тегін жұмыс орнына дейін жетіп, оның коммуналдық қызметі төленіп, баспана құрылысына, шаруашылықты дамыту үшін пайызсыз несие алу мүмкіндігі бар. Министрліктің есеп -қисабы бойынша, жас маманның әрбір әлеуметтік көмек қоржыны 2,9 млн теңгені құрайтын болады.

"Біздің болжауымыз бойынша, жас мамандар ауылды жерлерде кемінде бес жыл жұмыс істеулері керек", -деп атап өтті министр.

Ол атап өткеніндей, бұл ұсыныстар экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің қаралуына жіберілді.

"Менің пікірімше, 2009-2011 жылдарға арналған бюджетті қарастыру кезінде президенттің бұл тапсырмасы орындалатын болады", - деп қосты А. Дерновой.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы атап өткеніндей, "еңбек ақыны көтеріп, медициналық қызметкерлердің кәсіби деңгейін одан әрі ынталандыруға болады".

"Ауылды жерлерде 10-15 жылдан астам жұмыс істеген көптеген мамандардың еңбек ақысы 50-70 пайызға артады. Яғни, аудандық аурухананың 1 категориялы хирург-дәрігері 90-100 мың теңге алады. Бұл жеткілікті. Ал институттардан кейін жаңадан келген жас мамандар еңбек ақысы төмен болып, 27 мың теңгені құрайды. Бұл мардымсыз ", -деп қорытындылады ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны