28.09.2018, 13:11 5331

Денсаулық сақтау министрлігінде өӊірлердіӊ алдағы тұмау мен ЖРВИ -діӊ эпидемиялық маусымына дайындығы талқыланды

Дәріханаларда вирусқа қарсы препараттар мен бір рет қолданылатын бетперделердіӊ жеткілікті қоры бар.

Астана. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасыныӊ Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшинніӊ төрағалығымен өӊірлердіӊ алдағы тұмау мен ЖРВИ-дыӊ эпидемиялық маусымына дайындығы, сондай-ақ 2018-2019 жылғы эпидмаусымда сырқаттануды азайтуға бағытталған іс-шаралар туралы селекторлық кеӊес өткізілді.

Кеӊесте республиканыӊ емдеу ұйымдарыныӊ тұмауға қарсы вакцинациялауға, тұмаумен және ЖРВИ-мен ауыратын науқастарға бастапқы медициналық-саниатриялық, стационарлық көмек көрсетуге дайындығы мәселесі және Қазақстан Республикасыныӊ халқы арасында олардыӊ алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды. Сонымен бірге вирусологиялық зертханалардыӊ тұмау мен басқа да ЖРВИ-ға зерттеу жүргізуге дайындығы талқыланды.

Республиканыӊ медициналық мекемелері алдағы эпидемиялық маусымға дайын.

Тәуекел тобыныӊ адамдарын тұмауға қарсы вакцинациялаумен қамту үшін бюджеттік қаражатқа "Гриппол +" ресейлік вакцина сатып алынды, оныӊ құрамында А(H1N1), A(H3N2) тұмауына және В типті тұмауға қарсы штамдар антигендері бар. Тәуекел тобына: медициналық бақылауға жататын балалар, жиі ауыратын балалар, сәбилер, балалар үйініӊ балалары, мүгедектер мен қарттар үйлерініӊ контингенті, созылмалы және жүрек-қан тамыры, тыныс алу ағзаларыныӊ ауруларымен ауыратын адамдар, медицина қызметкерлері мен жүкті әйелдер екінші және үшінші триместрінде. Тәуекелдіӊ осы топтарыныӊ әрқайсысы аурудыӊ ауыр түріне бейім. Республика бойынша тұмауға қарсы вакцинациялауды жүргізу үшін 3428 егу пункті ұйымдастырылған, олар қажетті жабдықпен қамтамасыз етілген.

Медициналық көмекті уақтылы көрсету мақсатында шақыртулар мен консультациялар үшін медициналық ұйымдарда 1226 телефон бөлінген, үйге шақыртуға қызмет көрсету үшін 1025 бірлік автокөлік бөлінген, ал ЖРВИ мен тұмаумен ауырған ауыр науқастарды емдеуге жатқызу үшін резервтік төсек қоры (5000) анықталған.

Сонымен бірге республиканыӊ медициналық ұйымдарында маманданжырылған көмекті көрсету үшін тұмауға қарсы препараттар қоры құрылған. Қазір Қазақстанда 50 000 қаптама Тамифлю және 10 000 "Реленза"препаратыныӊ қоры бар. Стационарлар қарқынды емдеу үшін қажетті жабдықпен және құралдармен қамтамасыз етілген.

Дәріханаларда вирусқа қарсы препараттар мен бір рет қолданылатын бетперделердіӊ жеткілікті қоры бар.

Айта кетсек, жүргізілген ақпараттық түсіндіру жұмыстарыныӊ нәтижесінеде ағымдағы жылы Қазақстанда вакцинациядан бас тартатындардыӊ арасында вакцинация жөніндегі өз пікірлерін өзгерткен адамдардыӊ күрт өсу үрдісі байқалады. Ағымдағы жылғы 8 айда олардыӊ 2220-сы екпе алды, ал 2016 жылы тек 250 адам ғана егілген болатын.

Анықтама үшін: Тұмау инфекциясыныӊ дамуыныӊ бірқатар ерекшеліктері болады. Тұмаудыӊ бірінші белгілері организмге түскен вирустыӊ көлеміне, адамныӊ иммундық жүйесініӊ жағдайына, вирустыӊ типіне байланысты. Ауру инкубациялық кезеӊнен басталады. Жұқтырудан бастап бірінші белгі пайда болғанға дейін бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін өтеді (орташа есеппен 2-4 күн). Аурудыӊ белгілері өте жіті басталады, сондықтан пациент ауру белгілерініӊ басталуын көбінесе нақты атай алмайды.

Шұғыл көмекті қажет ететін белгілер туралы мынаны есте сақтау керек: 3-5 күннен астам уақыт дене қызуыныӊ 38-40ИС-тан жоғары болуы, бастыӊ қатты ауыруы (ауырсынуды басатын препараттарды қабылдағаннан кейін де ауыру), сондай-ақ демікпе, естіӊ бұзылуы, аяқ-қолдыӊ тартылуы, терідегі геморрагиялық бөртпе.

Тұмаудыӊ алдын алудыӊ еӊ тиімді шарасы вакцинациялау болып табылады, ол эпидемиялық маусым алдында жүргізіледі (қазан-қараша).

Тұмауға қарсы вакцинациялаудан басқа, тұмаудыӊ және басқа да тұмауға ұқсас аурулардыӊ алдын алудыӊ арнайы емес әдістері де бар. Олар мыналар:

- - адам көп жиналатын орындарда болу уақытын мүмкіндігінше қысқарту;

- жабық үй-жайларда және адамдар көп жиналған орындарда бір рет қолданылатын бетперделерді пайдалану;

- ауру белгілері, мысалы түшкіру немесе жөтелу белгілері бар адамдармен байланысты мүмкіндігінше шектеу;

- даладан және қоғамдық көліктен келгеннен кейін қолды мұқият жүйелі түрде жуу;

- даладан және қоғамдық көліктен келгеннен кейін мұрын қуысын тұзды сумен шаю;

- өзіӊіз отырған үй-жайды жүйелі түрде желдету;

- өзіӊіз болатын үй-жайға жүйелі түрде ылғалды жинау жүргізу;

- өзіӊіз болатын үй-жайдыӊ ауасын ылғалдандыру;

- құрамында С витамині бар өнімдерді (мүкжидек (клюква), итбүлдірген, шиповник, қарақат, лимон және т.б.) тамаққа көбірек пайдалану;

- дәрігердіӊ ұсынымы бойынша иммунитет көтеретін препараттарды пайдалану.

Салауатты өмір салтын ұстаныӊыз, дұрыс тамақтаныӊыз және жүйелі түрде дене шынықтырумен айналысыӊыз.

ҚР ДСМ ҚДСК баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны