14.07.2009, 13:36 2869

Денсаулық сақтау министрлігінде Оңтүстік Қазақстан облысында конго-қырым геморрагиялық безгегінің белең алу себебін анықтау жөніндегі комиссия құрылды

Денсаулық сақтау министрлігінде Оңтүстік Қазақстан облысында конго-қырым геморрагиялық безгегінің белең алу себебін анықтау жөніндегі комиссия құрылды

Астана. 14 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Денсаулық сақтау министрлігінде мекеме басшысының басқаруымен Оңтүстік Қазақстан облысында конго-қырым геморрагиялық безгегінің белең алу себебін анықтау жөніндегі комиссия құрылды. Бұл туралы бүгін өткен брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Наталья Буенко мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Денсаулық сақтау министрлігінде мекеме басшысының басқаруымен Оңтүстік Қазақстан облысында конго-қырым геморрагиялық безгегінің белең алу себебін анықтау жөніндегі комиссия құрылды. Нәтижесі жария етіледі", - деді Н. Буенко.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, кеше Түркістанда конго-қырым геморрагиялық безгегінен дәрігер-неонатолог қайтыс болды.

Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы Түркістанда конго-қырым геморрагиялық безгегінің белең алуынан бірнеше адамның қайтыс болу дерегіне байланысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, прокуратураның тексеруінің нәтижесінде анықталғанындай, ағымдағы жылдың 24 маусымында Түркістан қалалық перзентханасының акушерлік бөліміне 23 жастағы әйел жатқызылып, сол күні ол босанған. Үш күннен кейін ол баласымен бірге ауруханадан шығарылып, учаскелік дәрігердің бақылауына жіберілген.

Ийел 29 маусымда жатырдан қан кету белгілерімен перзентханаға қайта жатқызылған. Осы ауруға байланысты оған 1 шілдеде дәрігерлер тобы операция жасаған. Операция барысында науқастың ауруы ушығып, қан кете берген. 2 шілде күні түс алдында науқастың жағдайы ауыр болуға байланысты Түркістан қалалық орталық аурухананың хирург-дәрігері Сайлаубек Өскенбаевтың басқаруымен дәрігерлер тобы әйелге қайтадан операция жасаған. Сол күні Шымкенттің қан тамырлары хирургы Зейнолла Қабдиевтің қатысуымен тағы бір операция жасалады.

3 шілдеде жаңа туған нәресте, ал 4 шілдеде әйелдің өзі қайтыс болды.

9 шілдеде науқас әйелге операция жасаған Шымкентте қан тамырлары хирургы Зейнолла Қабдиев қайтыс болды.

10 шілдеде сағат 10.30-да Түркістан қалалық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне қалалық аурухананың хирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі С. Өскенбаев жатқызылды, ол да әйелге операция жасаған. Ол 7 - 8 шілде кезінде ауырған. Алдын-ала клиникалық-эпидемиологиялық мәліметке сәйкес, оған конго-қырым геморрагиялық безгегінің ауыр түрі деген диагноз қойылды. Санитарлық авиацияның көмегімен науқасты Шымкенттегі облыстық маман дәрігерлер қарады. 11 шілде күні сағат 00.10-да қарқынды емдеуге қарамастан, С. Өскенбаев жұқпалы аурулар бөлімшесінде қайтыс болған.

10 шілдеде сағат 13.30-да Түркістан қалалық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне перзентхананың дәрігер-неонатологы, 36 жастағы Шынар Бақбергенова жатқызылды, ол әлгі әйел мен оның нәрестесіне медициналық көмек көрсетіп, қадағалаған. Ш. Бақбергеноваға өткір респираторлық вирусты инфекцияның ауыр түрі, оған геморрагиялық синдром қосылған, мұрнынан қан ағу деген диагноздар қойылды. Қазір оған конго-қырым геморрагиялық безгегі деген диагноз қойылды.

10 шілдеде сағат 20.30-да жұқпалы аурулар бөліміне Түркістан қалалық перзентханасының акушер-гинекологы, 25 жастағы Нұрбол Өтепберген "орташа ауырлықтағы өткір респираторлық вирусты инфекция" деген диагнозбен жатқызылды. Ол да әйелді бірнеше мәрте қараған.

11 шілдеде сағат 00.40-та жұқпалы аурулар бөліміне перзентхананың санитаркасы 34 жастағы Айжан Қалыбекова жатқызылды, оған "орташа ауырлықтағы өткір респираторлық вирусты инфекция" деген диагноз қойылды. Ол босанған әйелдің күтімімен айналысқан.

Сондай-ақ, жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылған Түркістан қаласының Ескі Икан ауылының тұрғыны Мамадазим Илимұратұлына конго-қырым геморрагиялық безгегі деген диагноз қойылды.

Прокуратураның қорытындысына сәйкес, Түркістан ауруханасының медицалық қызметкерлері аталған адамдарға дер кезінде дұрыс диагноз қоя алмаған, сондай-ақ, бірнеше адамның өлімі шыққанан кейін, олардың арасындағы байланыстың айқындығына қарамастан, дәрігерлер өкілетті органдарға ауру ошағы жайлы дер кезінде хабар беруге шара қолданбаған.

"Онымен шектелмей, облыстық денсаулық сақтау басқармасы тіпті облыстық аурухананың дәрігері З.Қабдиевтің Шымкентте қайтыс болу оқиғасынан кейін де жаппай ауру шығу оқиғасын жасырып қалу үшін, аурудың шығу себептерін анықтау және оны шоғырландыру шараларын қолданбаған. Тек прокуратура араласқаннан кейін ғана облыстық санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау басқармасы мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары Түркістанға барған", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, осы дерек бойынша 11 шілдеде Түркістан қалалық прокуратурасы ҚР Қылмыстық кодексінің 267-ші бабының 2-ші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады. Облыстық прокуратурадан жұмыс тобы құрылды. Ол қазір аталған деректер бойынша тексеру жүргізуде. Тергеу барысы айрықша бақылауға алынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны