14.09.2018, 22:01 6899

Денсаулық сақтау министрлігінде суық тию ауруларыныӊ маусымы жақындап келе жатқаны айтылды

Қоғамдық денсаулық сақтау комитетініӊ ақпараты бойынша Қазақстанда қазан айынан бастап тұрғындардыӊ 10%-ы вакцинацияланады. 2018 жылы бюджет қаражатына Ресейде өндірілген "ГРИППОЛ +" вакцинасыныӊ 1,5 млн. дозасы 1 млрд. 200 млн.теӊгеге сатып алынды.

Астана. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - ЖРВИ-ныӊ, (тұмауға ұқсас аурулардыӊ) және тұмаудыӊ эпидемиологиялық маусымы 2018 жылғы қазанда басталып,2019 жылғы мамырға дейін созылады.

Қазақстанда 2018-2019 жылдардыӊ алдағы эпидмаусымында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныӊ ұсынымы бойынша Қазақстанда қолданылатын үш валентті вакцинаныӊ құрамына енгізілген тұмаудыӊ үш штаммы болады: A (H1N1) - Мичиган, A (H3N2) - Сингапур, сондай-ақ B - Колорадо(линия B/Victoria). Еске сала кетсек, өткен эпимаусымда тұмаудыӊ 3 вирусы: A (H1N1), A (H3N2), сондай-ақ В вирусы айналымда қатар болды.

Жыл сайын тұмауға қарсы вакциналар штаммы жаӊарып отырады. Егу өткен маусымда айналымда болған вирустардыӊ көмегімен жүргізіледі. Жұқтырудыӊ алдын алудыӊ осы әдісініӊ тиімділігі вакциналар қаншалықты болжанатын штаммды құруына байланысты.

Тұмау инфекциясыныӊ дамуыныӊ бірқатар ерекшеліктері болады. Тұмаудыӊ бірінші белгілері организмге түскен вирустыӊ көлеміне, адамныӊ иммундық жүйесініӊ жағдайына, вирустыӊ типіне байланысты. Ауру инкубациялық кезеӊнен басталады. Жұқтырудан бастап бірінші белгі пайда болғанға дейін бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін өтеді (орташа есеппен 2-4 күн). Аурудыӊ белгілері өте жіті басталады, сондықтан, пациент ауру белгілерініӊ басталуын көбінесе нақты атай алмайды.

Шұғыл көмекті қажет ететін белгілер туралы мынаны есте сақтау керек: 3-5 күннен астам уақыт дене қызуыныӊ38-40ИС-тан жоғары болуы, бастыӊ қатты ауыруы (ауырсынуды басатын препараттарды қабылдағаннан кейін де ауыру), сондай-ақ демікпе, естіӊ бұзылуы, аяқ-қолдыӊ тартылуы, аяқтағы геморрагиялық бөртпе.

Жіті вирустық инфекциясыныӊ көп жағдайда жұқтырылатын ерекше тәуекел тобы болады. Тәуекелдіӊ осы санатына балалар, жүкті әйелдер, созылмалы ауруы бар адамдар, сонымен қатар медицина қызметкерлерініӊ өздері және жұмысы халықпен тығыз байланысты адамдар жатады. Олардыӊ ішінде созылмалы өкпе, жүрек-қан-тамыр ауруларымен, инммундық жеткіліксіздігімен ауыратын, әлсіз және жиі ауыратын балалар, медицина қызметкерлері жүкті әйелдер мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен вакцинацияланады. Тәуекелдіӊ осы топтарыныӊ әрқайсысы аурудыӊ ауыр түріне бейім. Бұл ретте, уақтылы егілу аурудыӊ жеӊіл өтуіне көмектеседі.

Қоғамдық денсаулық сақтау комитетініӊ ақпараты бойынша Қазақстанда қазан айынан бастап тұрғындардыӊ 10%-ы вакцинацияланады. 2018 жылы бюджет қаражатына Ресейде өндірілген "ГРИППОЛ +" вакцинасыныӊ 1,5 млн. дозасы 1 млрд. 200 млн.теӊгеге сатып алынды. Вакцина A (H3N2)және A (H1N1) және В тұмау штаммдарыныӊ антигендерін қамтиды. Одан басқа Қазақстанда 3 өндірушініӊ тұмауға қарсы тағы 4 вакцинасы тіркелген. Бұл "Ваксигрип" және "Ваксигрип Тетра" Франция), "Инфлювак", (Нидерланды) және тұмауға қарсы вакцина (Қытай), оларды арнайы алдын алу ретінде пайдалануға болады.

Өткен маусым бұрынғы маусымдарға қарағанда тұмау вирустары айналымыныӊ кеш басталуымен ерекшеленін, алғашқы бірлі-жарым жағдай Астана қаласында қазан айыныӊ соӊында тіркелгенін атап айтамыз. Тұмау вирустарыныӊ белсенді айналымы ҚР барлық аумағында қаӊтар айыныӊ бастында анықталды және тұмауға оӊ сынамалардыӊ еӊ көп саны ақпан айында тіркелді. 2017-2018 жылдардыӊ эпидмаусымында республика бойынша ЖРВИ-ныӊ 530 мыӊ жағдайы, оныӊ ішінде тұмаудыӊ лабороторлық негізде 2118 жағдайы тіркелген болатын.

Тұмаудан басқа Қазақстанда тұмау емес вирустар айналымда болады. Өткен маусымда барлығы 3 мыӊға жуық үлгі зерттелді, ол өткен маусыммен салыстырғанда 1,6 есеге көп, оныӊ ішінде 4%-да оӊ нәтиже анықталды (1146 жағдай). Негізінен, риновирус, РС вирус, аденовирустық инфекция, парагрипп, метапневмовирус, бокавирус инфекция анықталады.

Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті алдын алу мақсатында әрбір адам қалауы бойынша тұмауға қарсы ақылы түрде егу алуына болатынын, егу халықтыӊ санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органныӊ рұқсаты бар жекеменшік вакцинациялау орталықтарында, тұрғылықты жері бойынша егу кабинеттерінде жүргізілетінін еске салады. Тұмауға қарсы вакцинациялау жүргізілетін осындай медициналық мекемелердіӊ мекенжайлары тұрғылықты жері бойынша аумақтық қоғамдық денсаулық сақтау департаменттерініӊ және денсаулық сақтау басқармаларыныӊ сайттарында орналастырылатын болады. Иртүрлі өӊірлердегі ақылы егу кабинеттерінде тұмауға қарсы вакцинаныӊ құны - 1600 теӊгеден бастап 3500 теӊге аралығында.

Сонымен қатар, тұмаудыӊ алдын алудыӊ мынадай негізгі ережелерін естен шығармаған жөн:

Тұмаудыӊ арнайы алдын алу эпидемиялық маусымныӊ алдында (қазан айы) жүргізілетін вакцинациялау болып табылады.

Тұмауға қарсы вакцинациялаудан басқа, тұмаудыӊ және басқа да тұмауға ұқсас аурулардыӊ алдын алудыӊ арнайы емес әдістері де бар. Олар мыналар:

- адам көп жиналатын орындарда және қоғамдық көлікте болу уақытын мүмкіндігінше қысқарту;

- жабық үй-жайларда және адамдар көп жиналған орындарда бір рет қолданылатын бетперделерді пайдалану;

- ауру белгілері, мысалы түшкіру немесе жөтелу белгілері бар адамдармен байланысты мүмкіндігінше шектеу;

- даладан және қоғамдық көліктен келгеннен кейін қолды мұқият жүйелі түрде жуу;

- даладан және қоғамдық көліктен келгеннен кейін мұрын қуысын тұзды сумен шаю;

- өзіӊіз отырған үй-жайды жүйелі түрде желдету;

- үй-жайға жүйелі түрде ылғалды жинау жүргізу;

- үй-жайдыӊ ауасын ылғалдандыру;

- құрамында С витамині бар өнімдерді (мүкжидек(клюква), итбүлдірген, шиповник, қарақат, лимон және т.б.) тамаққа көбірек пайдалану;

- сарымсақ және пияз қосылған тамақты көбірек пайдалану;

- дәрігердіӊ ұсынымы бойынша иммунитет көтеретін препараттарды пайдалану.

Салауатты өмір салтын ұстаныӊыз, жақсы тамақтаныӊыз және жүйелі түрде дене шынықтырумен айналысыӊыз.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны