25.07.2012, 13:01 2956

Денсаулық сақтау министрлігінде жүйені жаңарту шаралары талқыланды

Алқа жұмысына Мемлекеттік хатшы Мұхтар Құл-Мұхаммед, Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаев және денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова қатысты.

Астана. 25-шілде. Kazakhstan Today - Денсаулық сақтау министрлігінде Елбасының "Қазақстанның әлеуметтік жаңартылуы: Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына жиырма қадам" бағдарламалық мақаласында айтылған әлеуметтік-еңбек саласын дамыту міндеттеріне арналған кеңейтілген алқа отырысы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алқа жұмысына Мемлекеттік хатшы Мұхтар Құл-Мұхаммед, Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаев және денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова қатысты.

"Тәуелсіздік жылдары Елбасының лайықты қамқорлығының арқасында еліміздің медициналық инфрақұрылымы толық жаңартылғанын айта аламыз. Астанада 9 ғылыми-медициналық орталықты біріктіріп отырған Ұлттық медициналық холдинг жұмыс істейді, өңірлерде 700 жуық медициналық нысандар салынды, "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Медициналық саланың ендігі міндеті сапалық мазмұнды арттыру", -деп атап көрсетті Мемлекеттік хатшы М.Құл-Мұхаммед өз сөзінде.

Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова өз кезегінде, Елбасының бағдарламалық мақаласы өмір сапасының қазақстандық стандартын қалыптастыруда маңызды роль атқаратын, алдағы жылдарда еліміздің денсаулық сақтау республикасының дамуының қуатты серпіні болатын бағдарлама екенін атап көрсетті.

С.Қайырбекова сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігінің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп атаулы әлеуметтік көмек арқылы әр азаматтың өз денсаулығына жауапкершілігінің тетігін әзірлеумен айналысатынын хабарлады.

Денсаулық сақтау министрлігі сондай-ақ заңнамалық актілерге денсаулық сақтау саласындағы саясатты іске асыру үшін әр деңгейдегі жауапкершілікті күшейтуге бағытталған нақты құқықтық нормалар белгілеу жөніндегі өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Заң жобасының Тұжырымдамасын әзірлейтін болады.

Денсаулық сақтау министрлігі Елбасының тапсырмаларын орындау үшін бар күш-жігер салады. Жалпы алғанда, бұл шаралар медициналық қызметтердің жоғары сапасын, денсаулық сақтау қызметтерінің қолжетімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны