05.09.2018, 18:22 3850

Денсаулық сақтау министрлігінде жұқпалы аурулардыӊ алдын алу бойынша мәселелер талқыланды

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қатысты 2018 жылдыӊ басынан бері республиканыӊ эндемиялық өӊірлерінде 14 жағдай тіркелді: Жамбыл облысында - 7 жағдай, Түркістан облысында- 4 жағдай, Қызылорда облысында - 3 жағдай.

Астана. 5 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде вице-министр Алексей Цойдыӊ төрағалығымен жұқпалы аурулардыӊ алдын алу бойынша республикалық штабтыӊ кезекті отырысы өтті. Отырысқа қатысушылар қызылша, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасымен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдайды және Қазақстан Республикасыныӊ халқы арасында олардыӊ алдын алу бойынша қабылданатын шаралар жөніндегі мәселелерді талқылады.

Қазақстан Республикасында қызылшамен сырқаттанушылық бойынша жағдайдыӊ тұрақты екенін атап өту қажет. 2018 жылғы 8 айда профилактикалық егулерден бас тарту себебінен қызылшаныӊ 2 жағдайы тіркелді.

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қатысты 2018 жылдыӊ басынан бері республиканыӊ эндемиялық өӊірлерінде 14 жағдай тіркелді: Жамбыл облысында - 7 жағдай, Түркістан облысында- 4 жағдай, Қызылорда облысында - 3 жағдай. Оныӊ ішінде осы өӊірлердіӊ әрқайсысында өліммен аяқталған 1 жағдайдан тіркелген. Сарапшылардыӊ айтуынша, өлім жағдайлары пациенттердіӊ дәрігерге уақтылы жүгінбеуі себебінен болады.

Кеӊестіӊ қорытындылары бойынша жұқпалы аурулардыӊ алдын алу және оларды болдырмау бойынша одан арғы шараларды қабылдау бойынша тапсырмалар және ұсынымдар берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны