18.03.2013, 10:03 3305

Денсаулық сақтауды және электрондық үкіметті дамыту мәселелері ертең Үкімет отырысында талқыланады

"19 наурызда Үкімет отырысы кезінде ҚР Денсаулық сақтауды дамыту 2011-2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" Мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асу барысын талқылау жоспарланған. Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекованың мәліметі тыңдалады", - деді А.Ибибуллаев.

Астана. 18-наурыз. Kazakhstan Today - Ертең Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтауды дамыту "Саламатты Қазақстан" Мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асу барысын талқылау жоспарланған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің Ресми өкілі Алтай Ибибуллаев баспасөз мәслихатында мәлім етті.

"19 наурызда Үкімет отырысы кезінде ҚР Денсаулық сақтауды дамыту 2011-2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" Мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асу барысын талқылау жоспарланған. Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекованың мәліметі тыңдалады", - деді А.Ибибуллаев.

Сонымен қатар, ертең болатын Үкімет отырысының күн тәртібінде электрондық үкіметті дамыту мәселелері тұр. Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиевтің сөз сөйлеуі барысында "egov.kz" мобилдік қосымшасы ұсынылады.

Осы мәселе бойынша ККМ-нің басшысы А.Жұмағалиев, білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов және ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов баяндама жасайды деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны