14.08.2015, 17:50 4383

"Денсаулық жолы-2015" республикалық акцияныӊ шеӊберінде жылжымалы медициналық кешеӊдердіӊ шалғайдағы ауылдарға баруы жалғасуда

Осы күндері жылжымалы медициналық кешеӊдер Қарағанды облысы Шет ауданыныӊ Кайракты, Еркіндік, Жұмыскер ауылдарына барады. Медициналық көмекпен жасөспірімдер, жастар, барлық меншік түріндегі ұйымдардыӊ жұмыс берушілері және жұмыскерлері сияқты мақсатты топтар қамтылады.

Астана. 14 Тамыз. Kazakhstan Today - "Денсаулық жолы - 2015" республикалық акция шеӊберінде 2015 жылғы 17 және 23 тамыз аралығында жылжымалы медициналық кешеӊдер Маӊғыстау облысы Мұнайлы және Маӊғыстау аудандарыныӊ шалғайдағы ауылдарына барады. Қызан, Жынғылды, Басқұдык, 3-Маӊғыстау ауылдарыныӊ тұрғындары тегін скринингтік тексерулерден өтіп, әлеуметтік маӊызды аурулар бойынша ақысыз медициналық көмек алатын болады. Жұмылдыру топтарыныӊ құрамында көз дәрігерлері, офтальмологтар, хирургтар, акушер-гинекологтар, терапевттер, пульмонологтар, педиатрлар және кардиологтар бар, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Осы күндері жылжымалы медициналық кешеӊдер Қарағанды облысы Шет ауданыныӊ Кайракты, Еркіндік, Жұмыскер ауылдарына барады. Медициналық көмекпен жасөспірімдер, жастар, барлық меншік түріндегі ұйымдардыӊ жұмыс берушілері және жұмыскерлері сияқты мақсатты топтар қамтылады.

17 тамызда жылжымалы медициналық кешеӊдер Ақмола облысыныӊ Қорғалжын ауданына, 19 және 20 тамыз аралығында Жақсы, Есіл, Жарқайын аудандарына барады. Кампания облыстыӊ медицина ұйымдарыныӊ және салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мамандарыныӊ қатысуымен ұйымдастырылады.

19 тамызда жылжымалы медициналық кешеӊдердіӊ шығуы Қостанай облысыныӊ Қарасу ауданына жоспарлануда.

Ауыл тұрғындарына салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері, әлеуметтік маӊызды аурулар бойынша оқу-ақпараттық және тәжірибелік көмек көрсету мақсатында ағымдағы жылғы 1 шілде мен 31 тамыз аралығында республиканыӊ барлық өӊірінде "Денсаулық жолы - 2015" кеӊ көлемдегі акция өтіп жатқанын естеріӊізге саламыз.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны