16.09.2016, 09:13 3831

"Денсаулық жолы-2016" акциясыныӊ аясында 307 мыӊнан астам қазақстандыққа медициналық қызметтер көрсетілді

Естеріӊізге сала кетейік, ағымдағы жылғы 1 шілде мен 31 тамыз аралығында республика бойынша "Денсаулық жолы - 2016" кеӊ көлемді акциясы өтті. Оныӊ мақсаты - салауатты өмір салтын қалыптастыру және көптеген аурулардыӊ алдын алу мәселелері бойынша ауыл тұрғындарына ақпараттық білім беру және практикалық көмек көрсету болып табылды.

Астана. 16 қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР ДСИДМ Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығыныӊ мәліметінше, "Денсаулық жолы - 2016" акциясыныӊ аясында екі айдыӊ ішінде жылжымалы медициналық кешендерімен республиканыӊ шалғай аймақтарындағы ауылдық жерлерге барған терапевтер және бейінді мамандар (эндокринологтар, пульмонологтар, кардиологтар, педиатрлар, офтальмологтар, онкологтар, фтизиатрлар, ЖИТС-пен күрес аймақтық орталықтарыныӊ қызметкерлері) 307 мыӊ 965 адамды медициналық тексеруден өткізді.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі хабарлағандай, 119364 адам флюрографиялық зерттеуден өткізілді, оныӊ ішінде 857 адамда патологиялық өзгеріс жағдайы диагностикаланды, 51 туберкулез жағдайы анықталды. Пациенттер әрі қарай тексерілуге, диагнозды анықтауға және кешенді емделуге жіберілді.

98 мыӊ 418 ауыл тұрғынына зертханалық, 61 мыӊ 034 адамға аспапты зерттеу жүргізілді.

20 мыӊ 982 тексерілген адамдардыӊ ішінен қауіп-қатер факторлары, оныӊ ішінде 8 мыӊ 781 адамда темекі шегу, 3939 адамда ішімдікті пайдалану, 8 мыӊ 262 адамда денедегі артық салмақтыӊ бар екені белгілі болды.

8167 адамда созылмалы жұқпалы аурулардыӊ, 5 мыӊ 494 адамда қан айналымы жүйесініӊ (артериялық қысымныӊ артуы, ЭКГ-дағы өзгерістер), 2 мыӊ 673 адамда қант диабетініӊ (диабеталды, ашқарындағы глюкоза деӊгейініӊ ұлғаюы жағдайлары) белгісі анықталды.

Маӊызды патологиялары бар пациенттер облыстық орталықтарға тексеруге жіберілді.

Сонымен бірге, Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығыныӊ аймақтық орталықтары өӊірлердегі денсаулық сақтау басқармаларымен бірлесе отырып салауатты өмір салтын қалыптастыру, аурулардыӊ алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру шараларын өткізді. Оныӊ ішінде 202 мыӊ 201 адамды қамтыған 169 акция; денсаулық мектептеріндегі 849 сабақ; 24 конференция; 72 дөӊгелек стол; 388 семинар және тренинг; 500 ашық есік күндері; 27 спорттық шара; 28 мыӊнан астам дәріс, сауалнамалар мен әӊгімелесулер болды.

Естеріӊізге сала кетейік, ағымдағы жылғы 1 шілде мен 31 тамыз аралығында республика бойынша "Денсаулық жолы - 2016" кеӊ көлемді акциясы өтті. Оныӊ мақсаты - салауатты өмір салтын қалыптастыру және көптеген аурулардыӊ алдын алу мәселелері бойынша ауыл тұрғындарына ақпараттық білім беру және практикалық көмек көрсету болып табылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны