31.07.2015, 18:56 6697

"Денсаулық жолы - 2015" акциясыныӊ шеӊберінде жылжымалы медициналық кешеӊдердіӊ шалғайдағы ауылдарға баруы жалғасуда

Аталмыш күндері жылжымалы медициналық кешеӊдер Қызылорда облысы Қармақшы ауданыныӊ 3-ші интернационал ауылына, Қазалы ауданыныӊ 6, сондай-ақ Жаӊақорған ауданыныӊ 3 ауылына бармақшы.

Астана. 31 Шілде. Kazakhstan Today - "Денсаулық жолы - 2015" республикалық акция шеӊберінде 2015 жылғы 3 және 9 тамыз аралығында жылжымалы медициналық кешеӊдер (әрі қарай ЖМК) Маӊғыстау облысы Мұнайлы және Маӊғыстау аудандарыныӊ шалғайдағы ауылдарына барады. Шебір, Шайыр, 1, 2 және 3 Маӊғыстау ауылдарыныӊ тұрғындары тегін скринингтік тексеруден өтіп, әлеуметтік маӊызды аурулар бойынша ақысыз медициналық көмек алатын болады. Жұмылдыру топтарыныӊ шығуы окулистердіӊ, офтальмологтардыӊ, терапевтердіӊ, пульмонологтардыӊ, педиатрлардыӊ, кардиологтардыӊ, хирургтардыӊ және акушер-гинекологтардыӊ қатысуымен ұйымдастырылытын болады. Жұмылдыру топтарыныӊ құрамында окулистер, офтальмологтар, хирургтар, акушер-гинекологтар, терапевтер, пульмонологтар, педиатрлар және кардиологтар бар, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталмыш күндері жылжымалы медициналық кешеӊдер Қызылорда облысы Қармақшы ауданыныӊ 3-ші интернационал ауылына, Қазалы ауданыныӊ 6, сондай-ақ Жаӊақорған ауданыныӊ 3 ауылына бармақшы. Медициналық жұмылдыру бригадаларыныӊ құрамында терапевтикалық, кардиологиялық, эндокринологиялық, фтизиатрлық, онкологиялық және салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметтерініӊ мамандары бар.

4 және 5 тамыз күндері Алматы қаласы медициналық ұйымдардыӊ қызметкерлері ақпараттық-кеӊестік көмек көрсетіп, "Д-Маркет" әмбебап базарында зертханалық-диагностикалық тексеру жүргізетін болады.

5 тамыз күні жылжымалы медициналық кешеӊ Атырау облысы Исатай ауданы Хамит Ерғалиев ауылына барады. Ауыл тұрғындарын бейінді мамандар қарайтын болады. Сонымен қатар, лабораториялық және аспапты зерттеулер де ұйымдастырылады (УДЗ, ЭКГ, рентген).

Естеріӊізге сала кетейік, ауыл тұрғындарына салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері, әлеуметтік маӊызды аурулар бойынша оқу-ақпараттық және тәжірибелік көмек көрсету мақсатында ағымдағы жылғы 1 шілде мен 31 тамыз аралығында республиканыӊ барлық өӊірінде "Денсаулық жолы - 2015" кеӊ көлемдегі акциясы өтіп жатыр.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны