04.08.2016, 15:12 3818

"Денсаулық жолы - 2016" акциясыныӊ аясында жылжымалы медициналық кешендер 8 облыстыӊ шалғай аудандары мен Алматыныӊ балаларға арналған интернаттарына барады

25 шілдеден бастап Батыс Қазақстан облыстық туберкулезге қарсы диспансер мамандары облыстыӊ Тасқалы, Сырым, Шыӊғырлау, Ақжайық (Тайпақ ауылы) аудандарында флюорографиялық тексерулер өткізеді. Шара 25 тамызға дейін жалғасады.

Астана. 4 тамыз. Kazakhstan Today - 8-14 тамыз аралығында "Денсаулық жолы - 2016" республикалық акциясыныӊ аясында жылжымалы медициналық кешендер (әрі қарай - ЖМК) Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан, Оӊтүстік Қазақстан, Қызылорда, Алматы облыстарыныӊ шалғай аудандары мен Алматы қаласыныӊ балаларға арналған интернаттарына барады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

25 шілдеден бастап Батыс Қазақстан облыстық туберкулезге қарсы диспансер мамандары облыстыӊ Тасқалы, Сырым, Шыӊғырлау, Ақжайық (Тайпақ ауылы) аудандарында флюорографиялық тексерулер өткізеді. Шара 25 тамызға дейін жалғасады.

8 және 9 тамыз күндері ЖМК Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданыныӊ Көкжайық, Үлгілі малшы ауылдарына барады.

8-12 тамыз аралығында жылжымалы медициналық кешендер Қызылорда облысыныӊ Шиелі, Жалағаш, Арал, Сырдария аудандарына барады. Мобильді медициналық бригадалардыӊ құрамына терапевтік, кардиологиялық, эндокринологиялық, онкологиялық қызмет мамандары мен салауатты өмір салтын қалыптастыру аймақтық орталығыныӊ мамандары кіреді.

Аталған күндері Павлодар облысы Лебяжі ауданы Тозағаш, Шарбақты, Қазантай, Шақа ауылдарыныӊ тұрғындарын терапевт, педиатр, окулист, отоларинголог, гинеколог, стоматолог дәрігерлер, сондай-ақ, рентген-кабинеттер және клиникалық зертхана мамандары тексеретін болады.

8-12 тамыз күндері терапевтік, эндокринологиялық, кардиологиялық, педиатрлік, офтальмологиялық, онкологиялық, фтизиатриялық қызметтердіӊ мамандары бар мобильдік медициналық бригадалар, сонымен қатар, ЖИТС орталығы мен СӨС аймақтық орталығыныӊ мамандары Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ 14 ауданы мен қалаларына барады. Бұл - Қазығұрт, Сарыағаш, Мақтарал, Шардара, Ордабасы, Арыс, Бәйдібек, Отырар, Сайрам, Түлкібас, Төле би, Түркістан, Кентау, Созақ аудандары.

Аталған кезеӊде терапевтік, эндокринологиялық, кардиологиялық, онкологиялық қызметтері мен СӨС аймақтық орталығыныӊ мамандары Алматы облысы Қаратал ауданы Көлпе ауылы, Ұйғыр ауданы Үлкен Ақсу ауылы, Еӊбекшіқазақ ауданы Шелек ауылы, Қарасай ауданы Үшқоӊыр ауылы, Жамбыл ауданы Қайназар ауылдарыныӊ тұрғындарын тексереді.

8-12 тамыз аралығында флюромашина мен жылжымалы медициналық кешенді іске қосу арқылы Алматыдағы балаларға арналған интернаттарда профилактикалық тексерулер жүргізілетін болады.

10 тамызда құрамында кардиолог, акушер-гинеколог, хирург, жалпы практика дәрігерлері мен клиникалық зертхана мамандары бар медициналық бригаданыӊ Атырау облысы Махамбет ауданына баруы жоспарланып отыр.

11 және 12 тамызда дәрігерлер бригадасы (окулист, уролог, кардиолог, гастроэнтеролог, ревматолог) Ақмола облысыныӊ Астрахань, Егіндікөл аудандарына барады.

Естеріӊізге сала кетейік, ағымдағы жылғы 1 шілде мен 31 тамыз аралығында республика бойынша "Денсаулық жолы - 2016" кеӊ көлемді акциясы өтеді. Оныӊ мақсаты - салауатты өмір салтын қалыптастыру және көптеген аурулардыӊ алдын алу мәселелері бойынша ауыл тұрғындарына ақпараттық білім беру және практикалық көмек көрсету болып табылады.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны