06.07.2020, 23:34 9158

Денсаулық сақтау министрі Атырау облысындағы жедел жәрдем станциясы мен инфекциялық стационарды онлайн тексерді

"Коронатаксиді іске қосуға баса назар аудару керек, бұған іші таза кез-келген такси араласа алады. Егер емхана көлікпен қамтамасыз етілмеген болса, онда жергілікті әкімдік көмектеспейді деген сөз", - деді Министр.

Алматы. 6 шілде. Kazakhstan Today - Денсаулық сақтау министрі Атырау облысындағы жедел жәрдем станциясы мен инфекциялық стационарды онлайн тексерді.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Атырау облысындағы қазіргі эпидемиологиялық жағдайды анықтау үшін №2 облыстық аурухана мен облыстық жедел медициналық жәрдем станциясын онлайн режимінде аралады.

Министр онлайн сапар аясында қабылдау бөлімшесінің, жағдайы ауыр пациенттерге арналған реанимация бөлімшесінің және инфекциялық бөлімшенің жұмысымен танысты.

Қазір № 2 облыстық ауруханада COVID-19 коронавирус инфекциясына шалдыққан пациенттерге арналған 180 инфекциялық төсек бар. 162 пациент ем алуда, төсек-орынның 90% бос емес. Ауруханадағы 100 орын оттекті консольмен қамтамасыз етілген, 12 ӨЖЖ аппараты бар.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н. Қабдықапаров қосымша 90 төсектік инфекциялық стационар салу жоспарланып отырғанын айтты. Демеушілер тағы 30 ӨЖЖ және 100 оксигенация аппаратын сатып алып бермек. Бұдан басқа, Құрманғазы ауданында компьютерлік томография аппараты сатып алынады.

"Орталықтандырылған оттегі жүйесі жоқ жерлерге оттегі концентраторын орнату керек. Егер оттегісіз жұмыс істейтін концентраттар болса, оны сатып алу қажет. Мұндай аппараттарды бірінші кезекте мұқтаж стационарларға жіберіңіздер", - деді министр.

Орын тапшылығын шешу үшін және жедел жәрдем жұмысын оңтайландыру үшін жұқпалы және провизорлық орталықтарды біріктіру ұсынылды, түрлі емдеу блоктарындағы КВИ мен пневмония диагнозы қойылған науқастарды бөлуге болады.

Сондай-ақ, министр инфекциялық стационардағы пациенттермен виртуалды түрде кездесіп, олардың тез сауығып кетуін тіледі.

Кезек облыстық жедел медициналық жәрдем станциясына келгенде Алексей Цой 103 диспетчерлік қызметімен, жедел жәрдем шақыруларын қабылдау, пациенттердің жағдайының ауырлығына байланысты қоңырауларды сұрыптау жұмысымен танысты.

Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының базасында облыс тұрғындарына консультациялық көмек көрсету үшін 103, 109 және 112 нөмірлері бойынша тәулік бойы call-орталық ұйымдастырылған. Call-орталыққа қалалық емханалардың дәрігерлері тартылды, олар амбулаторлық емделіп жүрген пациенттерге кеңес береді, мамандар орта есеппен 240 өтінішке қызмет көрсетеді. 42 жедел жәрдем бригадасы медициналық көмек көрсетеді, тәулігіне шамамен 1 100-1 200 шақыру қабылдайды, жүктеме екі есе артты.

ҚР Денсаулық сақтау министрі мобильді әмбебап бригаданың жұмысымен де танысты. Мобильді бригада бір тәулікте 35 қоңырауға қызмет көрсетеді, респираторлық ауру бойынша шақырғандардан ПТР-тест көмегімен COVID-19 анализ алады, пациентті қарап, сатурациясын өлшейді және т.б. жүргізіледі.

Министр мобильді әмбебап бригаданың жұмысын күшейтуді, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету аясында дәрілік заттарды уақытылы жеткізуді, сонымен қатар, инфекциялық стационарлардан шыққан науқастарға амбулаториялық емдеуге ерекше назар аударуды тапсырды.

А. Цой онлайн түрде нысандарды аралап болған соң, Денсаулық сақтау басқармасының басшысымен өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға қатысты бірқатар мәселелерді талқылады.

Атап айтқанда, кен орындарында індеттің өршуінің алдын алу, жағдайы ауыр пациенттерді шұғыл емдеудің әдісін әзірлеу, медицина мамандарының дифицит мәселесін шешу сынды проблемалар сөз болды.

Денсаулық сақтау министрі коронатакси жұмысына, эпидемиологиялық жағдайларда ТМККК мен МӘМС пакеттерін қаржыландыруды қайта қарау мәселесін ерекше атап өтті.

"Коронатаксиді іске қосуға баса назар аудару керек, бұған іші таза кез-келген такси араласа алады. Егер емхана көлікпен қамтамасыз етілмеген болса, онда жергілікті әкімдік көмектеспейді деген сөз", - деді Министр.

Қазір лизингтік қаржыландыру операторлары мен автоөндірушілерге жедел жәрдем станциясын 40 автокөлікпен қамтамасыз ету ұсынылды.

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, әсіресе, мұнай саласындағы жергілікті кәсіпорындарда аурудың өршуі байқалады. Жұмыс берушілер өз қызметкерлерінің денсаулыңын қорғауға дайын болуы керек,- деді ол.

Өңірде 278 медицина қызметкері жетпейді. Денсаулық сақтау министрлігі жақында ВАК-тың отырысында басқа елдерден дәрігерлерді тарту және оларға эпидемия кезінде сертификаттаусыз жұмыс істеуге рұқсат беру мәселесі қозғалатынын хабарлады.

"Мәселе мынада: көпшілігі инфекциялық стационарға түсе алмайды, пациенттерді жедел жәрдем және қабылдау бөлімшелері деңгейінде нақты бөлген дұрыс. Жағдайы ауыр пациенттерді дереу инфекциялық стационарға жіберу қажет. Адамның өкпесі қатты зақымдалған болса, оны дереу инфекциялық ауруханаға жатқызыңыздар, уақыт жоғалтпаңыздар. Жағдайы ауыр науқастардың бағытын әзірлеу керек, оларды кезектен тыс сұрыптау қажет",- деді Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны