16.09.2020, 23:19 9330

Денсаулық сақтау вице-министрі - ҚР Бас санитарлық дәрігері тағайындалды

Үкімет қаулысымен Ерлан Аңсағанұлы Қиясов Денсаулық сақтау вице-министрі - Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер лауазымына тағайындалды.

Алматы. 16 қыркүйек. Kazakhstan Today - Жаңа Денсаулық сақтау вице-министрі - ҚР Бас санитарлық дәрігері тағайындалды.

Үкімет қаулысымен Ерлан Аңсағанұлы Қиясов Денсаулық сақтау вице-министрі - Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер лауазымына тағайындалды.

Ерлан Қиясов 1973 жылы 17 қазанда Алматыда дүниеге келген. Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік медицина университетін және Алматы қаласындағы Орталық Азия университетін "санитария, гигиена, эпидемиология", "менеджмент" мамандығы бойынша бітірген.

Алматы қалалық "Жедел медициналық жәрдем ауруханасында" қарқынды терапия бөлімшесінің санитары, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, коммуналдық гигиена, еңбек гигиенасы, тамақтану гигиенасы бөлімшесінің санитарлық дәрігері, Алматы қалалық әуе көлігіндегі орталық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының санитарлық-карантиндік пунктінің санитарлық-эпидемиологиялық дәрігер-эпидемиологы, ПІБ МО жедел бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. Алматы, ҚР ПІБ МО санэпидқадағалау басқармасының эпидемиологиялық бөлімінің бастығы, ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының "Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы" РМК директоры, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы басшысының орынбасары.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны