18.02.2013, 15:04 7482

Депутат денсаулық сақтау министрінен тіс емдету құны неге қымбат екенін сұрады

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бүгін Мәжілісте өтіп жатқан Үкімет сағатында төменгі палата депутаты Қожахан Жабағиев Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбековаға қазір көлеңке тұсы көбейік кеткен тіс емдету мәселесіне қатысты сауал жолдады.

Астана. 18-ақпан. Kazakhstan Today - Депутат денсаулық сақтау министрінен тіс емдету құны неге қымбат екенін сұрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бүгін Мәжілісте өтіп жатқан Үкімет сағатында төменгі палата депутаты Қожахан Жабағиев Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбековаға қазір көлеңке тұсы көбейік кеткен тіс емдету мәселесіне қатысты сауал жолдады.

"Біз бүгін еліміздің денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан жұмыстардың біразынан хабардар болдық. Менің сұрағым тіс мәселесіне қатысты болып отыр. Тістің адам денсаулығына тигізер әсері мол екені ақиқат. "Алла алдымен тісіңді алады, содан барып түсіңді алады" деген сөз бар. Бүгінгі күні ірі қалаларда тісті сапалы емдеу бағасы елу, жүз мың теңгеден асып жығылады. Ауылда тұратын халықтың 50-60 пайызы тістерін сапалы емдетуге қолы жетпейді. Тісіңізді қалтаңыз көтерсе ғана емдететін жағдайға жеттік",- деген депутат Жапонияда 80 жасқа толған әрбір қарияның жиырма тісін сау сақтап қалатын бағдарлама бар екенін айтты.

Мәселен, Жапонияда "Тістің саулығы - ұлт саулығы 80-20" атты ұзақ мерзімді бағдарлама бар. Бұл бағдарламаның мәні 80 жасқа толған әрбір қарияның бүтін жиырма тісі болуы шарт дегенге саяды. Ал бізде отыз жасқа толмай жатып, отыз тіссіз жүргендер жетерлік. Сізден сұрарым, бұл салада қандай жұмыстар атқарылуы тиіс? Медицинаның бұл саласын нарыққа беріп қойып, бақылаусыз қалдырған жоқпыз ба?",- деді Қ.Көкірекбайұлы.

Сұраққа жауап берген министр бұл мәселенің өзектеніп тұрғанын жоққа шығара алмады.

"Стоматология саласындағы проблема шынында да бар, оны жоққа шығара алмаймыз. Өйткені, өздеріңіз де біліп отырғандай, жекеменшік сектордың қолына өтіп кеткен салалардың бірі осы стоматология. Бүгінгі таңда еліміздегі кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемінде тісінің сырқаты жанына батқандарға шұғыл көмек көрсетілуі керек және балаларға, жүкті әйелдер мен әлеуметтік аз қамтылған азаматтардың кейбір топтарына 10 қызмет түрі тегін көрсетіледі. Ауыл-аймақтарға барғанда да бұл мәселенің өзекті екенін көргенмін. Бізде жылжымалы денсаулық пойыздары бар ғой, қазір осындай стоматологиялық пойыздарды іске қосу мәселесі қаралуда. Бұл мәселені шешудің бір жолы ғана. Мемлекеттік тапсырыстарды алатын жеке стоматологиялар ауылға барып жұмыс істеуге ниетсіз. Жалпы, тіс емдеу мәселесі біздің назарымызда, қазір талқыланып, қаралау үстінде",- деп қайырды министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны