03.10.2007, 13:28 2706

Депутат Мадинов үкіметті нан өндіруге мемлекеттік монополия енгізуден сақтандырады

Депутат Мадинов үкіметті нан өндіруге мемлекеттік монополия енгізуден сақтандырады

Астана. 3-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Депутат Ромин Мадинов үкіметті нан өндіруге мемлекеттік монополия енгізуден сақтандырады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Үкімет отырысында нанға мемлекеттік монополия енгізу қажеттігі туралы пікір айтылған болатын. Егер проблеманы осы жолмен шешіп, нанға мемлекеттік монополия енгізілсе, онда қандай да бір жағдайда қашықтағы бір ауылда нан жеткіліксіз болса, ол үшін үкімет жауап беретіндігін ескеру қажет",- деп мәлім етті Р. Мадинов мәжілістің жалпы отырысында.

Депутат сондай-ақ, "ең алғаш рет нанға мемлекеттік монополияны кеңес кезінде 1917 жылы 7-сәуірде Уақытша үкімет енгізгендігін" еске сала кетті. "Уақытша үкіметтің жұмысы немен аяқталғандығы бүкіл әлемге аян",- деді Р. Мадинов.

"Депутаттар нанның тұрмысы төмен адамдарға жеткілікті болуы үшін нақты механизм ұсынады. Себебі нанға мемлекеттік монополия енгізгеннен кейін, ізінше сүтке де (оның да бағасы өсіп отыр), азық-түліктің басқа түріне де мемлекеттік монополия енгізу қажеттілігі туады",- деп атап өтті.

Депутаттың пайымдауынша, егер қазақстан экспортқа 7 млн тонна астық шығарса, "бюджетте 120 млрд теңге көлемінде қосымша салық түсетін база пайда болады". "Тіптен салық ең төмен 20 пайыз көлемінде болған жағдайда, бұл сома тұрмысы төмен халықты қамтамасыз етуге жеткілікті болады",- деп санайды депутат.

Р. Мадинов, "АҚШ-та бірнеше ондаған жылдан бойы тұрмысы төмен тұрғындарға арналған азық-түлік карточкасы қолданылып келеді", деп атап өтті. "Бұл жүйе тиімді жұмыс істеуде, және де экономика да одан әрі даму үстінде",- деп атап көрсетті депутат.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны