19.04.2007, 17:00 3150

Депутат Назарбаева күш құрылымдарының президентке оң тізгінді көліктердің қатысуымен болған апаттар саны туралы жалған ақпарат беруінің себебін анықтауға ұсыныс жасады (толықтырылған нұсқа)

АЛМАТЫ. 19 - сәуір. Kazakhstan Today. Мәжіліс депутат Дариға Назарбаева күш құрылымдарының президентке оң тізгінді көліктердің қатысуымен болған апаттар саны туралы жалған ақпарат беруінің себебін анықтауға ұсыныс жасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Күш құрылымдарының президентке оң тізгінді көліктер жолдардағы апаттардың негізгі себепшісі болып табылады деген жалған ақпарат беру себептерін анықтау қажет",- деді Д. Назарбаева бүгін Алматыдағы VI Еуразиялық медиа-форум аясында өткен брифингте.

"Біз демократиялық қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Парламент - биліктің бір саласы, сондықтан да депутаттардың осы мәселеде де айтары бар екендігін естен шығармаңыздар",- деп еске сала кетті Д. Назарбаева. "Біріншіден, олар өздерін сайлаушылардың мүдделерін қорғайды",- деп атап өтті мәжіліс депутаты.

"Біз оң тізгінді көліктер кезінде, тіптен қазіргі күнде де ақшаларын ұзақ жылдар бойы жинаған орта табысты адамдар үшін қол жетерлік көлік екендігін білеміз. Сөйте тұра, осындай шолақ шешіммен оларды осы қозғалыс құралдарынан айыру - бұл дәл осы жағдайда меніңше саяси және әлеуметтік қате шешім болады",- деп мәлім етті Д. Назарбаева.

Естеріңізге сала кетейік, 2006 жылы қарашада Қауіпсіздік кеңестің елбасының қатысуымен өткен отырысында Қазақстан Республикасының Жол полициясы комитеті тізгіні оң жақтағы көліктер жолдардағы бірден-бір қауіп көзі болып табылатындығы туралы хабардар еткен болатын. Атап айтқанда, ішкі істер министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, соңғы жылдары оң тізігінді көліктердің қатысуымен болатын жол апаттарының саны 2,5 есеге өссе, ал осы жол апаттарының салдарынан қайтыс болғандардың саны 3,5 есеге өскен. Полицейлердің мәліметтеріне сүйенсек, жалпы республика бойынша оң тізгінді 117 мың көлік тіркелген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны