18.10.2006, 18:23 3107

Депутат Назарбаева вице-премьердің депутаттық сауалдарға уақытында жауап беруге міндетті екенін еске салды

АСТАНА. 18-қазан. Kazakhstan Today. Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева палатаның бүгін өткен жалпы отырысында вице-премьердің депутаттық сауалдарға уақытында жауап беруге міндетті екенін еске салды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі. "Сіздің деңгейіңіздегі мемлекеттік шенеуніктер берген уәдесін орындап, депутаттар тарапынан жалпы отырыста қойылған сауалдарға дер кезінде әрі нақты жауап беруге тиіс",- деп мәлімдеді Д.Назарбаева бүгін өзінің вице-премьердің атына екінші мәрте жолдаған сауалын таныстыра отырып.

АСТАНА. 18-қазан. Kazakhstan Today. Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева палатаның бүгін өткен жалпы отырысында вице-премьердің депутаттық сауалдарға уақытында жауап беруге міндетті екенін еске салды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Сіздің деңгейіңіздегі мемлекеттік шенеуніктер берген уәдесін орындап, депутаттар тарапынан жалпы отырыста қойылған сауалдарға дер кезінде әрі нақты жауап беруге тиіс",- деп мәлімдеді Д.Назарбаева бүгін өзінің вице-премьердің атына екінші мәрте жолдаған сауалын таныстыра отырып.

Д.Назарбаева өзінің ағымдағы жылдың 14-маусымында палатаның жалпы отырысында "2007-жылға арналған мемлекеттік бюджетті қалыптастыру қарсаңында айрықша өзекті болған" бірнеше сауалды вице-министрге қойғанын еске салды. "Сол кезде вице-премьер менің сауалдарыма жазбаша түрде жеке немесе тікелей кездесуде жауап беремін деп уәде берген. Алайда, вице-премьер бүгінгі күнге дейін уәдесін орындаған жоқ",- деді ол. "Үкімет басшысының орынбасары менімен жеке кездесу жөнінде бастама көтерген жоқ, өз сауалдарыма жазбаша жауап та алған жоқпын",- деді Д.Назарбаева.

"Уәдеге бұлайша қарауға болмайды", деп санайды депутат. Ол Кәрім Мәсімовтың атына қайтадан депутаттық сауал жолдап, заңда белгіленген екі ай мерзімде жауап беруді сұрады.

Маусым айында Д.Назарбаева вице-премьерге әлеуметтік саладағы бәсекелестік қабілеттілік критерийлері қандай, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру және денсаулық сақтау салаларында нақты мемлекеттік стандарт деген бар ма, әлеуметтік бағдарламалар бойынша бюджет қалай қалыптастырылады деген сауалдар қойған. Сонымен бірге депутат Конституциялық кеңестің нұсқауларына сәйкес үкімет Жер кодексіне "азаматтардың мүлкі мен жерлерін мемлекеттің мұқтаждығы деген желеумен тәркілеп алу саласындағы құқықтық былықшылық пен сыбайлас жемқорлық схемаларына тосқауыл қоюға тиіс" түзетулер енгізу жөніндегі заңнамалық актілердің жобасын қашан жасап, парламенттің назарына қашан ұсынады деген сауал тастады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны