26.12.2012, 10:50 3293

Депутаттар медициналық тексерілуді тегін медициналық қызметтің кепілдендірілген көлеміне енгізуді ұсынды

бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысы барысында "Халық коммунистері" фракциясының мүшелері еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен денсаулық сақтау министріне ЖОО мен колледждерге түсетіндер үшін медициналық тексерілуді тегін медициналық қызметтер тізіміне қосуды ұсынды. Сондай-ақ, жұмыс орындарында тексерілуден өту туралы анықтаманы талап етудің заңдылығын тексеруді сұрады.

Астана. 26-желтоқсан. Kazakhstan Today - Депутаттар медициналық тексерілуді тегін медициналық қызметтің кепілдендірілген көлеміне енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысы барысында "Халық коммунистері" фракциясының мүшелері еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен денсаулық сақтау министріне ЖОО мен колледждерге түсетіндер үшін медициналық тексерілуді тегін медициналық қызметтер тізіміне қосуды ұсынды. Сондай-ақ, жұмыс орындарында тексерілуден өту туралы анықтаманы талап етудің заңдылығын тексеруді сұрады.

"Ирекеттегі заңнамаға сәйкес, жұмыскерлердің міндетті түрде медициналық тексерілуден өтуі жұмыс беруішінің міндеті болып табылады. Оны жұмыс беруші өз қаражатына өткізуі тиіс. Бұнымен қатар, жұмысқа орналасу алдында медициналық тексерілу үшін ақы төлеу мәселесі ашық қалып отыр. Сондықтан, жұмыскерлер осы тексерілулерді өз қаражатына өткізеді", - деп атап өтті Тұрсынбек Өмірзақов.

Бұнымен қатар, депутаттың айтуынша, көптеген жұмыс берушілер медициналық тексерілуден өткендігі туралы анықтаманы талап етеді. Ал медициналық ұйымдарда тексерілудің орташа бағасы 2 мыңнан 5 мыңға дейін жетеді. Және оның бағасы жыл сайын қымбаттап келеді.

"Жұмыссыз адам медициналық тексерілуден өту үшін ақшаны қайдан алады? Сондай-ақ, білім беру ұйымдарына оқуға түсетіндер үшін медициналық тексерілуден өту туралы анықтаманы алу міндетті болып табылады. Бұнымен қатар, медициналық тексерулер тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне кірмейді", - деді Өмірзақов.

Фракция мүшелері осы аталған мәселелерді анықтағысы келеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны