10.09.2009, 16:49 2995

Депутаттар мұнай мен мұнай өнімдерінің мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру қорын құруды ұсынады

Депутаттар мұнай мен мұнай өнімдерінің мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру қорын құруды ұсынады

Астана. 10 қыркүйек. Kazakhstan Today - Депутаттар мұнай мен мұнай өнімдерінің мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру қорын құруды ұсынады. Бұл туралы депутаттар Қ.Айтаханов, С.Жалмағамбетова және О.Рахманбердиевтің Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың атына жолдаған депутаттық сауалында айтылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Хатта былай делінген: "тұрғындар соңғы жылдардың таусылмайтын "жырына" айналған, науқандық жұмыстар кезіндегі жанар-жағармай бағасының шешілмей жатқанына өз реніштерін білдіруде.

Депутаттардың мәліметінше, биыл да оңтүстікте тамыз айында, дихандар өсірген өнімдерін жинап алуға қызу кіріскенде бензин мен дизель отынының бағасы тағы да 25-30 пайызға қымбаттап кетті.

"Елімізде жыл сайын 70-75 млн тонна мұнай өндіріледі. Ал, ауыл шаруашылығына қажетті мұнай көлемі 2,2 млн тонна немесе өндірілген мұнайдың 3% құрайды екен. Солай бола тұра ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін жанармаймен қатамасыз ету мәселесі әлі толық шешімін таппай келеді",- делінген хатта.

"Үкіметтің бензин және дизель отынын республика аумағынан әкетуге уақытша тыйым салу туралы жуырда қабылдаған қаулысын шаруалар қуана қарсы алды. Алайда, бұның уақытша шара екені белгілі. Өз ерекшеліктеріне байланысты ауыл шаруашылығы нарық кезінде де мемлекеттік қолдауды күшейте түсуді керек етеді. Бұл бірінші кезекте жанармайға қатысты. Шаруаларға сатылатын жанармай бағасын тұрақтандыруды түпкілікті шешу үшін елімізде жер қойнауын пайдаланушылар өндірген мұнайдың 2-3% үкімет бекіткен сатып алу бағасымен мұнай мен мұнай өнімдерінің мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру қорына алып (астықтың тұрақтандыру қоры сияқты), сол арқылы делдалдарсыз мұнай зауыттарына жеткізіп, жанармай құю бекеттері арқылы шаруаларға тиімді бағамен сатуға болатын сияқты",- дейді халық қалалулылары.

"Жоғарыда айтылғандарды ескере келе, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін тиімді бағада жанар-жағар маймен қамтамасыз ету механизмдерін тағы да Үкіметте пысықтап қарап, түбегейлі шешіп беруіңізді өтінеміз",- деді депутаттар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны