18.06.2007, 19:05 2914

Депутаттар парламент мәжілісін тарату жөнінде мемлекет басшысына өтініш жасамақшы

АСТАНА. 18-маусым. Kazakhstan Today. Депутаттар парламент мәжілісін тарату жөнінде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа өтініш жасамақшы. Бұл туралы бүгін журналистерге берген сұхбатында мәжіліс депутаты Нұрбақ Рүстемов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Парламент мәжілісінің бастамашы тобы парламент мәжілісін тарату жөнінде мемлекет басшысына өтініш жасамақшы",- деді Н.Рүстемов.

"Егер бүгін бастамашы топ президенттің атына өтініш дайындап үлгерсе, ол ертең жария етіледі. Қандай жағдайда да ол жуырда жария етіледі",- деп мәлімдеді депутат.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны