18.10.2006, 14:39 2986

Депутаттар теңгенің қазақша мәтініндегі қате кеткен қағаз ақшаны айналымға енгізбеу туралы Елбасына үндеу жолдады

АСТАНА. 18-қазан. Kazakhstan Today. Бүгін парламент мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары жаңа үлгідегі теңгені айналымға енгізбеу туралы президенттің атына үндеу жолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Егемендігіміздің 15 жылдығы қарсаңында, мемлекеттігіміздің айырықша белгілерінің бірі - теңгеде мемлекеттік тілде қате кетуі біздің ойымызша грамматикалық емес, саяси мәні мен салдары бар оқиға. Осыны ескере отырып сізден Ұлттық банкке теңгенің қазақша мәтініндегі қате кеткен банкноттарды айналымға енгізбеу туралы тапсырма беруіңізді сұраймыз", делінген үндеуде.

Үндеуге 44 депутат жақтап дауыс берді, 12 депутат қарсы болса, екеуі қалыс қалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны