12.03.2015, 17:53 4121

Десантшылар 60 километрге шеру жасады

Алматы облысында Қапшағайлық десантшылар 10 сағатта 60 километрге шеруі жасады. Таӊ сәріде 32363 әскери бөлімі десанттық-шабуылдау батальоныныӊ ұлан капитаны Ерік Айдаровтыӊ басшылығымен бригада алға жылжыды. Ал кешке 60 километрді жаяу бағындырған әскери қызметшілер тұрақты орналасу орнына қайта оралды

Астана. 12 наурыз. Kazakhstan Today - Алматы облысында Қапшағайлық десантшылар 10 сағатта 60 километрге шеруі жасады. Таӊ сәріде 32363 әскери бөлімі десанттық-шабуылдау батальоныныӊ ұлан капитаны Ерік Айдаровтыӊ басшылығымен бригада алға жылжыды. Ал кешке 60 километрді жаяу бағындырған әскери қызметшілер тұрақты орналасу орнына қайта оралды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қашықтықты бағындыруда сарбаздар қосымша жүктермен, яғни бронекеудешелер, зат қапшықтар, дулығалар, автоматтармен толық жабдықталды. Жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес Аэроұтқыр әскерлерініӊ десанттық-шабуылдау бөлімшесі көп километрлі шеруді ай сайын жасауы тиіс. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

- Осындай шерулер төзімділікті шыӊдау, мінезді ширату және тұлғаныӊ сымбатын арттыру мақсатында өткізіледі. Аталмыш жағдайда сарбаздыӊ ұжымдық, әскери бауырластық сезімдері, өз кәсібіне және Аэроұтқыр әскерлеріне деген мақтанышы арта түседі. Десантшылар өз міндеттерін үздік атқарды, ешкім қашықтықтан қалыс қалмай, бірыӊғай сапта келді, - деп атап өтті десанттық-шабуыл бригадасы командирініӊ тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары майор Талғат Өзехан.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны