29.07.2015, 19:54 3567

Десанттық-шабуылдау батальоныныӊ әскери қызметшілері 290 шақырымды жүгіріп өтті

18404 әскери бөлімі екінші десанттық-шабуылдау батальоныныӊ жеке құрамы ірі роталық-тактикалық оқу-жаттығуларға тартылды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі

Астана. 29 Шілде. Kazakhstan Today - 18404 әскери бөлімі екінші десанттық-шабуылдау батальоныныӊ жеке құрамы ірі роталық-тактикалық оқу-жаттығуларға тартылды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Таӊныӊ атысымен 200-ден астам әскери қызметші дабыл бойынша көтерілді. Одан кейін жауынгерлер батальон командирімен бірге шартты жауынгерлік іс-қимылдар ауданына, яғни, 74261 әскери бөлімініӊ "Көктал" оқу-жаттығу орталығына жол тартты", - делінген хабарламада. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Штаттық қару-жарақ, БТР-80А типіндегі он бірлік бронетранспортерларды тарта отырып, толық жауынгерлік жарақтандыруда әскери қызметшілер ара қашықтығы 290 шақырымды жүгіріп өтті. Қазір роталық-тактикалық оқу-жаттығулар шеӊберінде жауынгерлер полигонда бөлімшелерді, взводтарды, роталар мен барлық батальонды біртіндеп үйлестіре отырып, жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу алгоритмін пысықтауда. Батальон командирі майор Қаһарман Ушамовтыӊ айтуынша, әскери қызметшілер жақсы даярлық деӊгейін көрсетуде.

Оныӊ ішінде 18404 ә/б екінші десанттық-шабуылдау батальоныныӊ жеке құрамы арасында бронетранспортерды көздеушілерді атап өткен жөн. "Осы жыл ішінде олар өздерініӊ басқару дағдысын жақсартты, оқ атуда дәлдікке қол жеткізді. Оқу-жаттығуларда олардыӊ біршамасы берілген нысаналарды бірінші оқ атудан жойды", - дейді батальон командирі. Роталық-тактикалық оқу-жаттығулар аяқталысымен батальон жаяу жүріс тәртібінде бөлімге оралады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны