24.01.2018, 15:11 3994

Диабетпен ауыратын пациенттерге тест-жолақтарды отандық өндіруші жеткізетін болды

Қазіргі кезде тест-жолақтары және глюкометрларды шығаруды және жеткізуді отандық өндіруші "Аксель и А" жүзеге асырады.2015 жылы 7 жыл мерзімге жасалған ұзақ мерзімді шарт шеӊберінде Мемлекет бұл өндірушіден глюкометрлар мен тест-жолақтарын сатып алады, сондай-ақ отандық жеткізуші сатып алу рәсіміне қатыса отырып, Бірыӊғай дистрибьютордыӊ тендерлерініӊ нәтижесінде абсолютті артықшылықтарға ие болады, тендерге қазақстандық зауыт қатысып отырғанда басқа қатысушылар қарастырылмайды.

Астана. 24 қаӊтар. Kazakhstan Today - Диабетпен ауыратын пациенттерге тест-жолақтарды отандық өндіруші жеткізетін болды , деп хабарлайды ДСМ баспасөз қызметі.

2018 жылдыӊ алғашқы үш айында 90 күндік қажеттілікті қамтамасыз ету үшін отандық өндірушіден 650 млн. теӊге сомаға қандағы қант деӊгейін анықтауға мүмкіндік беретін 300 мыӊнан артық тест-жолақтары, сондай-ақ қант диабетімен ауыратын пациеттерге глюкометрлар сатып алынды.

Бірыӊғай дистрибьютордыӊ тендер қорытындысы бойынша жылдыӊ қалған айларына 1,1 млрд. теӊгеден астам сомаға тағы 570 мыӊ тест-жолақтар сатып алынады.

Қазіргі кезде тест-жолақтары және глюкометрларды шығаруды және жеткізуді отандық өндіруші "Аксель и А" жүзеге асырады.

2015 жылы 7 жыл мерзімге жасалған ұзақ мерзімді шарт шеӊберінде Мемлекет бұл өндірушіден глюкометрлар мен тест-жолақтарын сатып алады, сондай-ақ отандық жеткізуші сатып алу рәсіміне қатыса отырып, Бірыӊғай дистрибьютордыӊ тендерлерініӊ нәтижесінде абсолютті артықшылықтарға ие болады, тендерге қазақстандық зауыт қатысып отырғанда басқа қатысушылар қарастырылмайды.

Айта кету керек, 2017 жылы қазақстандықтар отандық өндірушініӊ тест-жолақтары және глюкометрларымен 1,16 млрд. теӊгеге қамтамасыз етілді. Бұл бұйымдар тегін медициналық көмектіӊ кепілдік берілген шеӊберінде диспансерлік тізімде тұрған қант диабетімен ауырғандарға беріледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны