12.05.2018, 00:49 4701

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен "Нұр Отан" партиясы бірлескен жол картасын бекітті

Жол картасы азаматтық қоғамды дамыту саласындағы, сондай-ақ мемлекеттік жастар саясаты саласындағы бірқатар іс-шараларды қамтиды.

Астана. 12 мамыр. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты бағдарламалық мақаласын, "Президенттіӊ бес әлеуметтік бастамасы" атты халыққа үндеуін және Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ XXVI сессиясында берілген тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасыныӊ Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен "Нұр Отан" партиясы бірлескен Жол картасын бекітті.

Аталған құжатқа "Нұр Отан" партиясы жанындағы үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі Кеӊестіӊ отырысында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев пен "Нұр Отан" партиясы Төрағасыныӊ бірінші орынбасары Мәулен Ишімбаев қол қойды.

"Келісімніӊ мақсаты азаматтық қоғам саласын одан әрі дамытуға, қоғамды біріктіруге, мемлекеттік жастар саясатын жүргізуге және Қазақстан Республикасында әлеуметтік-саяси тұрақтылықты сақтауға бағытталған бірқатар шараларды жүзеге асыру болып табылады", - деді Дархан Кәлетаев өз сөзінде.

Жол картасы азаматтық қоғамды дамыту саласындағы, сондай-ақ мемлекеттік жастар саясаты саласындағы бірқатар іс-шараларды қамтиды.

Атап айтқанда, әлеуметтік даму саласында заӊнаманы жетілдіру, азаматтардыӊ әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге қатысуын арттыру және жастар саясаты саласындасараптамалық және ғылыми зерттеу жұмыстарын қолдау бойынша бірлескен жұмыстарды ұйымдастыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Жол картасы азаматтық қоғам, ҮЕҰ-бизнес-мемлекеттіӊ үш жақты ынтымақтастығыжәне халықаралық жастар ынтымақтастығысалаларындағы сұхбат алаӊдарын дамытуды көздейді.

Айта кетейік, кеӊестіӊ жұмысына мемлекеттік органдардыӊ, "Нұр Отан"партиясыныӊ және бизнес-қауымдастық өкілдері, республикалық және өӊірлік қоғамдық ұйымдардыӊ басшылары қатысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны