20.10.2017, 18:20 6649

Дін саласындағы өзекті мәселелерге арналған журналистер байқауы мәресіне жетті

17 қазан күні Ұлттық журналистік зерттеу орталығы дін саласындағы өзекті мәселелерге арналған 4 айлық журналистер арасындағы байқаудыӊ қорытындысын шығарып, үздік шығарма иелерін ақшалай сыйақылармен марапаттады.

Алматы. 20 қазан. Kazakhstan Today - Жасыратыны жоқ, бүгінгі таӊда діни радикализм, экстремизм мен терроризм жер жаһанды қатты алаӊдатып отыр. Илемді дүрліктіріп жатқан оқиғалар да оған нақты мысал. Мұндай келеӊсіздіктердіӊ алдын алу үшін елімізде түрлі ағартушылық жұмыстар қолға алынып, діни-рухани, қоғамдық бағытта келелі істер атқарыла бастағаны ақиқат. Осы орайда, 17 қазан күні Ұлттық журналистік зерттеу орталығы дін саласындағы өзекті мәселелерге арналған 4 айлық журналистер арасындағы байқаудыӊ қорытындысын шығарып, үздік шығарма иелерін ақшалай сыйақылармен марапаттады.

Дінніӊ атын жамылып, әлемді тітіркендіріп отырған экстремиз және теріс ағымдармен кейінгі жылдары еліміз де бетпе-бет келе бастады. Оныӊ басты себебі - кейбір қоғам мүшелерініӊ қолжетімді ақпараттарды сараптай білмеуінде жатса керек. Өйткені, діни және құқықтық тұрғыдан сауаттылығы жетіспеген адамныӊ кез келген діни бастамаға салыстырмалы күйде қарауға мүмкіншілігі жетпейді. Осыныӊ салдарынан теріс ағымныӊ жетегінде кеткенін білмейтін, өз ұлттық табиғатына қарсы шыққанын сезінбейтін, жалпымемлекеттік қағидаттарға қайшы келетінін ұғынбайтын бедеу ойлы, жалпыадамзаттық құндылықтарды мойындамайтын алқа-қотан әрі оқшау азаматтар мен топтар пайда болып, қоғамныӊ берекесін қашыра бастағанын байқамайды.

Діни экстремизм мен теріс ағымдардыӊ алдын алу үшін қоғамдық деӊгейде профилактикалық жұмыстар аса қажет. Ол үшін қырғи-қабақ дүниеден қиядағыны шалып пікір айтатын, кетеуі кеткен келеӊсіздіктіӊ түйінін тарқатып, шешімін көрсететін, рухани ағартушылықты негізі миссиясы ретінде түсінетін бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерініӊ рөлі басым екені айтпаса да белгілі. Осы бастаманы құп алған Алматы қалалық Дін істері жөніндегі басқармасы биыл үлкен іске мұрындық болды.

Естеріӊізге сала кетейік, аталған басқарманыӊ әлеуметтік маӊызды жобалары негізінде Ұлттық журналистік зерттеу орталығы 2017 жылдыӊ 1 маусымы мен 1 қазаны аралығында дін саласындағы өзекті мәселелерге байланысты журналистер арасында үздік шығармаларға байқау жариялап, жүлдені жалпы қорын 1 млн. теӊге деп белгілеген болатын. Бұл шығармашылық додаға Қазақстан журналистикасыныӊ қарашаӊырағы - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дыӊ журналистика факультеті де қолдау танытты.

Айта кету керек, бәйгеніӊ басты талабы - Қазақстанныӊ зайырлы мемлекеттік құрылымын қарапайым әрі ұғынықты тілмен түсіндіру, мемлекеттік саясаттыӊ заӊнамалық талаптарын ұғындыру, діни экстремистік ағымдарды әшкерелеу, дәстүр мен дінніӊ өзара байланысын жеткізу, діни экстремизмніӊ алдын алу, теріс діни топтардыӊ идеологиясы мен олардыӊ зияндығын ашып көрсету. Қандайда бір діни ұстанымды немесе дінді насихаттауға бағытталған материалдар қабылданған жоқ. Ақпараттық және көркем-публицистикалық дүниелер жанрлық жағынан да екшеліп, ағартушылық-ұйымдастырушылық бағыт тұрғысынан да сараланды.

Алматылық журналистер арасында ұйымдастырылған байқаудыӊ қорытындысы 18 қазан - Рухани келісім күні қарсаӊында шығарылды. Ұзын-саны жүзге жуық шығармаға республикамызға белгілі тұлғалар қазылық жасап, 17 қазан күні жеӊімпаздарды марапаттау салтанаты болып өтті. Онда "Үздік әлеуметтік бейнеролик" аталымы бойынша "Қазақстан" ұлттық телеарнасынан Жұлдыз Құлжасбаева, "Үздік телебағдарлама" аталымы бойынша "Алматы" телеарнасынан Айдос Жұқанұлы, "Үздік радиобағдарлама" аталымы бойынша "Шалқар" радиосыныӊ жетекшісі Болатбек Төлепберген, "Интернет желісіндегі қазақ тіліндегі еӊ үздік материал" аталымында "Nur.kz" сайтынан Арай Аюпова, "Интернет желісіндегі орыс тіліндегі еӊ үздік материал" аталымында "Bnews.kz" сайтынан Айгүл Мұханбетова, "Мерзімді басылымдардағы қазақ тіліндегі еӊ үздік мақала" аталымында "Қазақтан-Заман" газетінен Бауыржан Кәріпов, "Үздік интернет желі" аталымында "www.baribar" сайты, "Илеуметтік желілердегі еӊ үздік белсенді қоғамдық топ" аталымында Instragram желісіндегі "Біз терроризмге қарсымыз" парақшасы, "Еӊ белсенді блогер" аталымында Жолымбет Мәкіш жеӊімпаз атанды. Жеӊімпаздар 100 мыӊ теӊге көлеміндегі сыйақы және арнайы дипломға ие болады.

Сонымен қатар, өзге де танымал журналистер, атап айтар болсақ, "Айқын" газетініӊ шығарушы редакторы Ермахан Шайхыұлы, "Нұр-Мұбарак" университеті баспасөз қызметшісі Айша Кеӊесбай, "31-арна" "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы орыс редакциясыныӊ тілшісі Ардақ Камал, "Қазақстан" арнасыныӊ тілшісі Ержан Қалымбайұлы, белгілі журналист Ерлік Ержанұлы аранйы тағайындалған ынталандыру сыйлығына лайық деп танылды. Оларға 20 мыӊ теӊге мен арнайы дипломдар табыс етілді. Салтанатты марапаттау шарасында жиналғандар тарапынан мұндай діни-рухани және ағартушылық бағытындағы жұмыстарды одан әрі де көбейту мәселелері жан-жақты айтылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны