06.05.2008, 10:21 1399

Дін туралы заң жобасы дінге бет бұрғандардың құқын айтарлықтай шектейді - Фокина

Дін туралы заң жобасы дінге бет бұрғандардың құқын айтарлықтай шектейді - Фокина

Алматы. 6 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Парламент депутаттары ұсынған "Қазақстан Республикасының заңнамасына діни бірлестіктер және діни сенім бостандығы мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" заң жобасы дінге бет бұрғандардың құқын айтарлықтай шектейді. Бұл туралы Ил-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде болған дөңгелек үстелде құқық қорғаушы Нинель Фокина мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Парламент мәжілісінің төрағасының орынбасары Сергей Дьяченко, Камал Бұрханов, Алтай Тілеубердин, Серік Баймағанбетов, Рахмет Мұқашев, Гүлмира Исімбаева, Серік Қонақбаев, Николай Турецкий, Дарья Клебанова, Ержан Рахметов, Айткүл Самақова мен Уәлихан Қалижан бастамашы болған "Діни бірлестіктер және діни сенім бостандығы мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" жаңа заң жобасын мәжіліс 2 сәуірде жұмысқа қабылдаған.

"Соншама көп шектеулері бар заңды не үшін қабылдау керектігі түсініксіз. Ол шектеулердің кейбірі Қазақстан Конституциясы мен халықаралық стандарттарда бекітілген шектерден де шығып кеткен", - деді Н. Фокина.

"Мәселе жасырын мәтінмен мынаны білдіреді: халықаралық стандарттар мен ел Конституциясына сай келетін либералдық заңның 16 жыл әрекет ету мезгілі ішінде Қазақстанда көптеген діни ұйымдар қаптап кетті. Оның ішінде дәстүрлі емес дегендері тағы бар. Бұдан арылатын уақыт жетті және бұл заң осы тазалауды бастауды ұсынады", - деп есептейді Н. Фокина.

Құқық қорғаушының айтуынша, діни бірлестіктерді тіркеуден міндетті түрде өткізу халықаралық стандарттарға сай келмейді.

"Қазақстан әртүрлі халықаралық актілерге қол қойды және белгілі бір заңдық міндеттемелерді өз мойнына алды. Біз ЕҚЫҰ мүшесіміз. ЕҚЫҰ-ның барлық қорытынды құжаттарына қол қойдық. Оның ішінде дін бостандығын сақтау жөніндегі міндеттеме де бар", - деді Н. Фокина.

Ол Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ-на төрағалық ететінін және Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекет жасаған, қол қойған және бекіткен халықаралық келісімдер мен шарттар оның заңнамасының алдында басымдыққа ие екенін еске салды.

Сондай-ақ, Н. Фокина адам құқына қатысты заң жобалары қоғамның қатысуынсыз жасалмауы керек деп есептейді. "Адам құқына байланысты заң жабық түрде жасалмауы тиіс. Мұндай талқылауларды концептуалдық сатыда жүргізу қажет", - деп атап көрсетті Н. Фокина.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны