01.08.2018, 01:55 4171

Діни бірлестіктердіӊ басшылары қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік пен жемқорлықты жалпы айыптауға тәрбиелеу үшін бірікті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Ақтөбе облысы бойынша департаменті облыстық дін істері жөніндегі басқармасымен бірлесіп "Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті жалпыға ортақ қалыптастырудағы руханият пен адамгершілік" тақырыбындағы дөнгелек үстел өткізді.

Ақтөбе. 1 тамыз. Kazakhstan Today -Діни бірлестіктердіӊ басшылары қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік пен жемқорлықты жалпы айыптауға тәрбиелеу үшін бірікті.

Ағымдағы жылдыӊ 31 шілдесінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Ақтөбе облысы бойынша департаменті облыстық дін істері жөніндегі басқармасымен бірлесіп "Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті жалпыға ортақ қалыптастырудағы руханият пен адамгершілік" тақырыбындағы дөнгелек үстел өткізді.

Ресми ақпараттарға сәйкес қазіргі таӊда елімізде 40-тан астам конфессияны құрайтын үш мыӊ бес жүзден артық (3 621) діни бірлестіктер бар, ал 1990 жылдары олардыӊ саны тек 671 болатын.

WIN/Gallup халықаралық ұйымыныӊ ақпаратына сәйкес елімізде өздерін діндар есептейтін азаматтардыӊ үлесі 64 пайызды құраған.

Осыған байланысты бүкіл дүние жүзіндегі руханият беделініӊ өсуіне байланысты, ол - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қуатты қару бола алады деп айтуға болады.

Ақтөбе облыстық "Нұр-ғасыр" мешітініӊ бас имамы, дін істері жөніндегі басқарма басшылығы, Алматылық Иулие Николай шіркеуініӊ басшысы және аудандық деӊгейдегі барлық конфессиялық бірлестіктер басшылары жоғарыда аталған сұрақты талқылады.

Сонымен қатар, қатысушылармен дөӊгелек үстел барысында ынтымақтастықты әрі қарай дамыту үшін бірқатар шешімдер қабылданды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны