12.02.2018, 20:26 5173

"Дипломмен ауылға" бағдарламасын жүзеге асыруда ОҚО республикада көш бастап тұр

Оӊтүстік Қазақстан облысында өткен жылы "Дипломмен ауылға" бағдарламасы аясында 900-ден астам маман ауылдық жерлерде жұмысқа орналастырылса, оныӊ ішінде 303 маман тұрғын үймен қамтамасыз етілген

Шымкент. 12 ақпан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында өткен жылы "Дипломмен ауылға" бағдарламасы аясында 900-ден астам маман ауылдық жерлерде жұмысқа орналастырылса, оныӊ ішінде 303 маман тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Аталған мемлекеттік бағдарламаны орындауда облыс республикада көш бастап тұр. Бүгін бұл туралы ОҚО өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық отбасы, балалар мен жастар істері жөніндегі басқармасыныӊ басшысы Балмаржан Нарбекова мәлім етті.

Оныӊ айтуынша, өткен жылы 33 мыӊнан астам жас жұмысқа орналастырылса, оныӊ ішінде 18,2 мыӊы ауыл жастары. Сондай-ақ, былтыр 216 жасқа тұрғын үй берілген.

Елбасыныӊ тікелей бастамасымен жүзеге асырылып келе жатқан "Серпін" бағдарламасы бойынша Оӊтүстіктен 7500-ден астам жас Солтүстік өӊірлердегі оқу орындарында білім алуда. Осылайша жалпы республика көлемінде бөлінген 15 мыӊға жуық гранттыӊ 50 пайыздан астамын Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ жастары иеленген.

"Бүгінгі таӊда облыста 750 мыӊнан астам жас бар, бұл өӊір халқыныӊ 26 пайызы. Қазір аймақта жастарға арналған 57 қоғамдық бірлестік, 7 республикалық жастар ұйымдарыныӊ филиалдары мен 20 этномәдени орталықтыӊ жанынан жастар қанаттары жұмыс істеп келеді. Сонымен қатар, жоғары оқу орындары мен колледждерде - 41, ал кәсіпорындарда - 13 жастар ісі комитеттері бар. Онда 400 мыӊға жуық жас мүшелік етеді", - деді Балмаржан Полатқызы.

Бұдан өзге, "Жасыл ел" еӊбек жасақтарына 2017 жылы 1200-ден астам жас тартылған. Осы жасақтардыӊ күшімен 117 елді мекендегі 6 мыӊ метрге жуық шарбақтар сырланып, 100 мыӊнан астам көшет отырғызылды. Жалпы 445,8 мыӊ гектар саябақтар мен аллеялар, көше бойлары абаттандырылды. Студенттік құрылыс отрядтарында 500-ге жуық жас еӊбек етті.

Бүгінгі таӊда жастар арасындағы шешімін табуды қажет етіп отырған өзекті мәселе жастар арасында құқықбұзушылық. Облыста аталған мәселе 2016 жылмен салыстырғанда былтыр 8,3 пайызға азайған.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны