24.11.2020, 23:17 11742

Disney студиясының қазақ тіліне дубляждалған мерейтойлық 35-ші фильмі желтоқсан айында жарыққа шығады

1998 жылғы мультфильмнің ремейкі әлемдік прокатқа шықты. Онлайн-кинотеатрларда қазақ тіліндегі фильм ертерек шығады деп жоспарлануда.

Алматы. 24 қараша. Kazakhstan Today - Disney студиясының қазақ тіліне дубляждалған мерейтойлық 35-ші фильмі желтоқсан айында жарыққа шығады.

Көптен күткен "Мулан" анимациялық фильмінің қазақ тіліндегі премьерасы ағымдағы жылдың 17 желтоқсанына жоспарланған, "Мулан" - бұл қазақ тіліне дубляждалған және отандық кинопрокатқа мемлекеттік тілде шығатын 35-ші фильм.

Фильмдегі рөлдердің бірін қазақстандық каскадер, "Nomad Stunts" каскадерлер тобының жетекшісі Жайдарбек Күнғожинов сомдады. Мамыр айында ол каскадерлік "Оскар" әлемдік каскадерлер академиясының "Таурус" сыйлығына ұсынылды, сыйлық иегерлерінің есімдері осы жексенбіде 22 қарашада белгілі болады.

1998 жылғы мультфильмнің ремейкі әлемдік прокатқа шықты. Онлайн-кинотеатрларда қазақ тіліндегі фильм ертерек шығады деп жоспарлануда.

Голливуд киностудияларының отбасымен қарауға арналған фильмдерін мемлекеттік тілге "Болашақ" корпоративтік қоры мен "Меломан" компаниясы дубляждайды. "Мулан" фильмінің дубляж демеушісі: "BI Group" компаниясы.

Қазақ тіліндегі трейлер: https://www.youtube.com/watch?v=4b4WBpoMiDY/

"Бір айдан кейін біз дубляждаған 35-ші мерейтойлық фильм кинотеатрларда шығады деп үміттенеміз. Мемлекет бізді естігендігі, Қазақстан Республикасының Ақпараттық және әлеуметтік даму министрлігі әлемге әйгілі студиялардың контентін дубляждау мүмкіндігін қарастырып жатқанын біліп, екі рет қуандық. 9 жыл бұрын 2011 жылы біз Disney киностудиясымен ынтымақтастығымызды бастадық. Осы жылдар ішінде біз Disney, Sony Pictures, Marvel, Lucas Films, Bazelevs және басқалар студиялардың 35 фильміне дубляж жасадық. Жобаның арқасында қазақ тілі Disney студиясының 39-шы тілі және Sony Pictures студиясының 7-ші тілі болды. Дубляж саласының 203 маманы біліктіліктерін арттырды. Жоба Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың алғыс хатымен белгіленді. Жобаның басты құндылығы - біздің балаларымыз өздерінің ана тілінде ең жақсы шетелдік анимациялық фильмдерді тамашалап, қазақ тілінде таңдай қағып сөйлер, - деп атап өтті "Болашақ" корпоративтік қоры Қамқоршылар кеңесінің төрайымы Динара Шайжүнісова, - Біз әлемнің жетекші кинокомпанияларымен көпжылдық ынтымақтастық тәжірибемізді мемлекеттік органдармен, республикалық телеарналармен және барлық ниет білдірушілермен бөлісуге қуаныштымыз әрі дайынбыз".

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны