09.06.2008, 10:00 1290

Дмитрий Медведев шілде айының басында Баку мен Ашхабадқа барады

Дмитрий Медведев шілде айының басында Баку мен Ашхабадқа барады

Мәскеу. 9 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Ресей президенті Дмитрий Медведев Жапонияда өтетін үлкен сегіздіктің саммитіне бара жатып, жолда Баку мен Ашхабадқа ат басын тірейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Осы қалалардан кейін Д. Медведевтің бағыты Астана арқылы өтетінін ескерсек, ол "Газпром" жобасы болып табылатын Каспий маңы газ құбырымен бәсекелес Транскаспий газ құбырының болу-болмауын шешетін астаналардың барлығына барады. Бұл Ресей сарапшыларының пайымдауынша, "Газпромның" бұрынғы директорлар кеңесінің төрағасы жағдайды өз орындарында шешуді көздеп отырғанының айқын дәлелі екендігін білдіреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны