15.04.2016, 09:58 4283

Доӊғалаққа жасырылған темекі

Шекара қызметініӊ "Жағалау күзеті" өӊірлік басқармасына қарасты Атырау шекара отрядыныӊ шекарашылары "Темірбаба - авто" бақылау-өткізу бекетінде кеденшілермен бірлесе отырып 29 жастағы Түркменстан азаматын ұстады

Астана. 15 сәуір. Kazakhstan Today - Шекара қызметініӊ "Жағалау күзеті" өӊірлік басқармасына қарасты Атырау шекара отрядыныӊ шекарашылары "Темірбаба - авто" бақылау-өткізу бекетінде кеденшілермен бірлесе отырып 29 жастағы Түркменстан азаматын ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Біздіӊ елімізден түркмен жеріне қарай кетіп бара жатқан азаматтыӊ "Тойота Рунер" автокөлігін шекаралық бақылаудан өткізу кезінде оныӊ қосалқы доӊғалағыныӊ ішіне жасырылған темекі өнімдері шыға келді.

Жасырғаны 33 блок "IMPERIALCLASSIC" темекі өнімдері болып шықты.

Аталған дерекке қатысты материалдар "Темірбаба" кеден бекетініӊ қызметкерлеріне берілді.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны