22.01.2016, 20:31 5424

Доӊыз тұмауы елімізде дендеп барады

Шымкентте 37, Ал Ақтөбеде 28 адам осы ауруға шалдыққан. Олардыӊ барлығы дер уақытында дәрігерге қаралып, аман қалыпты. Сондай-ақ Қарағанды мен Солтүстік Қазақстан облыстарында да індет жұқтырғандар анықталды

Астана. 22 қаӊтар. Kazakhstan Today - Шымкентте 37, Ал Ақтөбеде 28 адам осы ауруға шалдыққан. Олардыӊ барлығы дер уақытында дәрігерге қаралып, аман қалыпты. Сондай-ақ Қарағанды мен Солтүстік Қазақстан облыстарында да індет жұқтырғандар анықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ақтөбеде доӊыз тұмауына шалдыққандардыӊ барлығы ересек адамдар. Балалар арасынан Н1N1 вирусы табылмаған. Кәдімгі тұмаудан бұл аурудыӊ белгілерінде еш айырмашылық жоқ дейді дәрігерлер. Тек доӊыз тұмауы өкпе тінін тез зақымдап, ағзаға бірден жайылады екен. Алғаш рет осы індет туралы 7 жыл бұрын белгілі болған еді. Вирус шошқадан адамға жұққандықтан "доӊыз тұмауы" атауы берілген. Қазір дәрігерлер жұқпалы дертті маусымдық аурулар қатарына қосыпты. Себебі кезінде дүрбелеӊ тудырған індетке қарсы қазір вакцина табылған. Сондықтан науқастар саны артқанымен, мекемелерде карантин жариялаудыӊ қажеті болмады, деп хабарлайды www.ktk.kz тілшісі.

Гүлжанат Бұхарбаева, Ақтөбе облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментініӊ бөлім басшысы:

-Егер бақылау деӊгейінен 1,5 есеге өсетін болса тұмау ауруларыныӊ, жедел вирустық инфекциялардыӊ онда карантинге жабылады ұйымдасқан ұйымдар. Қазір бізде карантинге жабылған ұжымдар жоқ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны