16.06.2016, 17:46 4124

"Донор күні" акциясыныӊ аясында әскери қызметшілер қан тапсырды

Талдықорған қаласында орналасқан Алматы облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаментініӊ жеке құрамы жұмыстыӊ қауырттығына қарамастан "Донор күні" акциясына қатысты. Ниет еткен әскери қызметшілердіӊ барлығы ақысыз қан тапсырып, облыстық қан құю орталығыныӊ банкін толтырды

Астана. 16 маусым. Kazakhstan Today - Талдықорған қаласында орналасқан Алматы облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаментініӊ жеке құрамы жұмыстыӊ қауырттығына қарамастан "Донор күні" акциясына қатысты. Ниет еткен әскери қызметшілердіӊ барлығы ақысыз қан тапсырып, облыстық қан құю орталығыныӊ банкін толтырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Отан қорғаушылар ретінде қалыс қалуды жөн санамадық, осындай қайырымды іске өз үлесімізді қосуды ұйғардық. Біз көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын бере алатынымыз үшін шын қуаныштымыз. Бұл жерге келу себебім осындай іс-шараларға қатысудыӊ маӊыздылығын өзгелерге үлгі еткім келді", - деп Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығыныӊ міндетін уақытша атқарушы полковник Бауыржан Лекеров атап өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Қан өткізетін бөлменіӊ алдында әр донордыӊ қан тобына алдын ала зертханалық анықтау жасалады. Содан кейін заралы жақтарыныӊ анық-қанығын білу үшін дәрігердіӊ қабылдауында болады. Медициналық іріктеуден сәтті өткен әр адамнан 450 мл көлемінде қан алынады.

"Өз бетінше қан тапсыру - адамгершіліктіӊ белгісі. Меніӊ қаным біреудіӊ өмірін құтқарады деген ойдыӊ өзі адамды қанаттандырады. Жыл сайын қан өткіземін", - деп сержант Ерік Шалдыбаев өз ойымен бөлісті.

Аталған акция аясында басқармалардыӊ, қалалардыӊ бөлімдер мен облыстық аудандардыӊ жеке құрамдары да қатысып, бір өмірді аман алып қалу үшін қан тапсырды.

Департаменттіӊ және оған бағынысты қалалық және аудандық бөлімдердіӊ әскери қызметшілері салауатты өмір салты мен донорлықты насихаттау жөніндегі іс-шараларға ұдайы қатысатынын айта кеткен жөн.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны