21.07.2008, 11:28 1452

"Достық" каналына келетін су көлемі секундына 75 текше метрге дейін ұлғайтылды

Оңтүстік Қазақстан облысында "Достық" каналына келетін су көлемі секундына 75 текше метрге дейін ұлғайтылды. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 18 шілдеде вице-премьер Өмірзақ Шүкеев Өзбекстан үкімет басшысының орынбасары Рустам Азимовқа Өзбекстан жағының Қазақстанға су транзиті бойынша жүктеп алған мәіндеттемесін орындамай отыруының залал-зардабын ескертіп үкіметтік жеделхат жіберген.

Шымкент. 21 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында "Достық" каналына келетін су көлемі секундына 75 текше метрге дейін ұлғайтылды. Бұл туралы агенттік тілшісіне "Югводхоз" РМК хабарлады.

Мамандардың айтуынша, Өзбекстан өкілдері "Югводхоз" РМК -ына хат жолдап, онда "жіберілетін су көлемі секундына 85 текше метрге жеткізіледі, ол кестеге сай деп сендіреді".

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 18 шілдеде вице-премьер Өмірзақ Шүкеев Өзбекстан үкімет басшысының орынбасары Рустам Азимовқа Өзбекстан жағының Қазақстанға су транзиті бойынша жүктеп алған мәіндеттемесін орындамай отыруының залал-зардабын ескертіп үкіметтік жеделхат жіберген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны