25.02.2015, 18:04 6734

Дуальді жүйемен оқитын студенттер санын 145 мыӊ адамға жеткізу жоспарланған - ҚР БҒМ

Оныӊ айтуынша, бүгінгі таӊда 3,2 мыӊ кәсіпорын 21 мыӊдай студенті бар 280 колледжбен ынтымақтастық орнатқан, бұл еліміздегі колледждердіӊ 34%-ын құрайды.

Астана. 25 ақпан. Kazakhstan Today - Білім берудіӊ дуальді жүйесі аясында 145 мыӊ адамды оқыту жоспарланған, деп хабарлады ОКҚ брифингінде ҚР білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Бүгінгі таӊда дуальді білім беру жүйесі бойынша білім алған студенттердіӊ санын 145 мыӊға жеткізу міндетін алға қойып отырмыз", - деді Е.Иманғалиев, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Оныӊ айтуынша, бүгінгі таӊда 3,2 мыӊ кәсіпорын 21 мыӊдай студенті бар 280 колледжбен ынтымақтастық орнатқан, бұл еліміздегі колледждердіӊ 34%-ын құрайды.

Вице-министр аталған жүйе аясында түлектердіӊ 100% еӊбекпен қамтылатынын баса айтты.

"Соӊғы жылдары аталған меморандумдар аясында кәсіпорындар оқуға 2776 қайтарымсыз мақсатты грант бөлді. Сонымен қатар, 1712 атаулы шәкіртақы, 230 мыӊнан астам айына 60 мыӊ теӊгеге дейін жалақысы бар өндірістік тәжірибе бөлді. Илеуметтік серіктестік туралы 2 мыӊнан астам келісімдер мен меморандумдар жасалды",- деп түйіндеді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны