30.04.2015, 21:43 8052

Дубайда қазақ келіншек аяусыз соққыға жығылды

37 жастағы Нұргүл Нұрғалиева ол жаққа жұмыспен барған екен. Оқиға 1 ай бұрын сол қаладағы қонақ үйлердіӊ бірінде болғанымен, бұл туралы енді ғана айтылып жатыр

Астана. 30 сәуір. Kazakhstan Today - 37 жастағы Нұргүл Нұрғалиева ол жаққа жұмыспен барған екен. Оқиға 1 ай бұрын сол қаладағы қонақ үйлердіӊ бірінде болғанымен, бұл туралы енді ғана айтылып жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Дубайға қыдырып барған Қазақстан азаматтарымен жолығу үшін Нұргүл такси шақыртып, қонақ үйге барады. Діттеген жеріне келген соӊ, жүргізуші отандасымыздыӊ артынан байқатпай еріп келіп, лифтініӊ ішінде тепкініӊ астана алыпты. Кейін қолындағы ақшасын алып, ізін суытқан. Ал ауыр соққыдан әйелдіӊ бас сүйегі мен жағы сынып, жансақтау бөліміне жеткізілген. 16 күн бойы комада жатқан отандасымыз қазір беті бері қарап, ауруханадан шығарылды. Күдікті де ұсталып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Нұргүл әлі де сол Дубайда. Ал оныӊ Алматыдағы туыстары жасалған ем-домға қажетті қаржыны жинауға халықтан көмек сұрап отыр, деп хабарлайды www.ktk.kz тілшісі.

Берік Нұрғалиев, Нұргүлдіӊ інісі:

-Алғашқы медициналық көмек көрсеткендері тегін екен. Ал, қалғаны емдегені, жасаған операциясы бар, комасы бар соныӊ бәріне 15 мыӊ доллардай керек. Соны төлемейінше, ешқайда шыға алмайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны