16.01.2015, 20:10 4396

Дубайда ҚР азаматтарыныӊ мүлкі жария етілді

Алматы облысыныӊ аумағындағы салық органдарына ҚР тысқары мүлікті жария етуге өтініш келіп түсті. Дубайда мүлікті жария етуге арналған өтініш құны 108,229 млн. теӊге.

Астана. 16 қаӊтар. Kazakhstan Today - Мүліктерді жария ету жөніндегі акциялардыӊ шеӊберінде Дубайда (БАИ) жылжымайтын мүлікті жария етуге өтініш түсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Алматы облысыныӊ аумағындағы салық органдарына ҚР тысқары мүлікті жария етуге өтініш келіп түсті. Дубайда мүлікті жария етуге арналған өтініш құны 108,229 млн. теӊге.

Бұрын хабарлағанымыздай, Солтүстік Қазақстан облысы тұрғынынан Ресейде сомасы 421 мыӊ теӊге мүлікті жария етуге арналған өтінім келіп түсті. Соӊғысын жария ету туралы шешім салық органдарымен қабылданған болатын.

Тұтастай алғанда ҚР аумағында мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардыӊ жанындағы комиссияға жалпы сомасы 131,6 млрд.теӊгеге 17 070 өтініш:

- сомасы 96,4 млрд. теӊгеге 13 637 тұрғын үй объекті;

- сомасы 33,7 млрд. теӊгеге 7 752 тұрғын үй емес объекті, оныӊ ішінде 20,5 млрд.теӊгеге 1 630 коммерциялық объект;

- сомасы 0,7 млрд. теӊгеге заӊды тұлғалардыӊ 13 қатысу үлесі;

- сомасы 0,8 млрд. теӊгеге бағалы қағаздар келіп түсті.

Сомасы 47,8 млрд. теӊгеге 8 310 объект жария етілді.

ҚР ҰБ есеп деректері бойынша екінші деӊгейлі банктердіӊ 2015 жылғы 14 қаӊтардағы жағдайы бойынша жалпы сомасы 9,6 млрд.теӊге ақшаны жария етуге 51 жинақ шот ашылды, оныӊ ішінде ақшаны жария еткені үшін алымныӊ бюджетке 338,0 млн.теӊгесін төлей отырып, жинақ шоттан алынғаны 3,1 млрд.теӊге. ҚР экономикасына инвестицияланғаны 2,9 млрд. теӊге.

2015 жылғы 15 қаӊтардағы жағдай бойынша 1-Н есебініӊ деректері бойынша 206110 "Мүлікті жария ету үшін алым" коды бойынша бюджетке іс жүзінде 348,8 млн.теӊге түсті.

ҚР Қаржы министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны