09.02.2015, 09:28 3974

Дүйсенбі күні еліміздіӊ басым бөлігінде жел күшейіп, жауын-шашын болады

Қазақстан аумағыныӊ басым бөлігі атмосфералық ағымдардыӊ ықпалында болып, жекелеген аймқтарда жауын-шашын жауады, боран соғып, түман түседі, көктайғақ болып, жел күшейеді

Алматы. 9 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан аумағыныӊ басым бөлігі атмосфералық ағымдардыӊ ықпалында болып, жекелеген аймқтарда жауын-шашын жауады, боран соғып, түман түседі, көктайғақ болып, жел күшейеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазгидрометтіӊ хабарлауынша, Алматы облысында тұман түсіп, Жалаӊашкөл ауданында 18-23 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 28 м/с дейін жетеді, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

Ақтөбе, түнде Оӊтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, 15-22 м/с жылдамдықпен боран аралас жел соғады.

Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз жекелеген аймақтарда боран соғып, жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.

Жамбыл облысында - тұман, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Атырау облысында - кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Павлодар облысында 17-22 м/с жылдамдықпен жел соғып, кей жерлерде 25 м/с дейін жетеді, көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, боран соғады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны