04.02.2013, 10:55 3117

Дүйсенбіде ел өңірлерінде температура -12 градустан төмендемейді

"Қазгидромет" РМК-нің мәліметіне сүйенсек, 4 ақпан, дүйсенбі күні республика бойынша ауа температурасы -12 градустан төмендемейді.

Астана. 4-ақпан. Kazakhstan Today - Дүйсенбіде ел өңірлерінде температура -12 градустан төмендемейді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қазгидромет" РМК-нің мәліметіне сүйенсек, 4 ақпан, дүйсенбі күні республика бойынша ауа температурасы -12 градустан төмендемейді.

Атап айтқанда, Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарында - 0...-2 градус, қар, Маңғыстау облысында +3...5 градус жылы, күн ашық болады.

Ақтөбе облысында -6...-8, Солтүстік Қазақстанда -9...-11, Ақмола, Павлодар облыстарында -7...-9, бұлтты, кей жерлерде қар жауады. Қостанай облысында -10...-12, ауыспалы бұлтты, қар жауады. Қарағанды өңірінде -6...-8, бұлтты.

Алматы облысында -2...-4, кей аумақтарда қар жауады, ауыспалы бұлтты, Шығыс Қазақстанда 0...-2, бұлтты.

Қызылорда облысында -5...-7, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында 0...+2, ауыспалы бұлтты, кей жерлерде қар жауады.

Алматы қаласында +1...+3, бұлтты, жаңбыр жаууы ықтимал, Астанада -8...-10, ауыспалы бұлтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны