10.07.2013, 17:00 2838

Дүкен аралаған ер азаматтың жүйкесі 26 минуттан кейін сыр береді

Дүкен аралаған ер азаматтар небәрі 26 минут өткеннен кейін шаршап, шыдамы сыр бере бастайды екен, Батыс ғалымдары осылай дейді. Ал, әйелдер болса кем дегенде 2 сағат осынау "сүйікті ісімен" айналыса алады.

Астана. 10-шілде. Kazakhstan Today - Дүкен аралаған ер азаматтың жүйкесі 26 минуттан кейін сыр береді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Дүкен аралаған ер азаматтар небәрі 26 минут өткеннен кейін шаршап, шыдамы сыр бере бастайды екен, Батыс ғалымдары осылай дейді. Ал, әйелдер болса кем дегенде 2 сағат осынау "сүйікті ісімен" айналыса алады.

Ирбір төртінші еркек дүкен аралаудан шаршайтындығы соншалық, ол жарты жолдан жанындағы құрбысын тастап, үйіне қайтып кетеді. Ғалымдардың сауалнамасына қатысқан 2000 адамның 45 пайызы тіпті, әйелдермен сауда орындарына барудан бас тартатындықтарын айтқан. Бұл жайында The Indian Express хабарлайды.

Ер азаматтарды әсіресе әйелдердің бір шешімге келе алмай, бір тауардың маңайын бірнеше минут бойы айналшақтап жүруі ашуландырады екен. Сонымен қатар, сауалнамаға қатысқан ерлердің біразы сауда орталықтарында шөлдеп, қарны ашатындықтарын айтқан. Адамдардың көптігі, шулаған халық және телеарнадағы қалып кеткен бағдарламалар да ер азаматтарды дүкенде ұзақ жүруден жалықтыратын көрінеді.

Зерттеуге қатысқан еркектердің 48 пайызы сауда орнынан өзге жерге кету үшін шығып кетсе, үштен бірі дүкеннің көрші бөліміне баруға асығады. Ал, бестен бірі дүкенге өзге әйелдерге қарау үшін баратындығын жасырмай айтқан.

Зерттеудің қорытындысына сәйкес, ер азаматтардың 60 пайызы өзіне ұнамаса да әйелдері үшін дүкен аралауға дайын екендіктерін білдіріпті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны