04.07.2008, 18:20 2806

Дүниежүзілік банк "Үлкен сегіздік" елдерін азық-түлік пен энергетика ресурстарына бағаның көтерілгеніне байланысты шара қолдануға шақырды

Дүниежүзілік банк "Үлкен сегіздік" елдерін азық-түлік пен энергетика ресурстарына бағаның көтерілгеніне байланысты шара қолдануға шақырды

Алматы. 4 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Дүниежүзілік банк президенті Роберт Зеллик қауіпті кезеңге аяқ басып келе жатқанын атап көрсете отырып, "Үлкен сегіздік" елдері мен ірі мұнай компанияларын азық-түлік пен энергоресурстар бағасының көтерілу проблемасын шешу бойынша тез арада шара қолдануға шақырды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Дүниежүзілік банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Р. Зелликтің үндеуі жақында Жапонияда болатын "Үлкен сегіздік" саммитінің төрағасына арналған хатта көрсетілген. Хатта Илемдік банк, Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы мен Халықаралық валюта қорының бағалауына сәйкес дағдарыстан ең көп зардап шегіп отырған халықтың қысқа мерзімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін 10 млрд АҚШ доллары шамасындағы қаражат қажет.

"Біздің көз алдымызда болып жатқан дүлей апат, дыбыссыз цунами, жойқын боран, бір сөзбен айтқанда, табиғат апаты емес. Бұл апат адамдардың әрекетінен туындаған. Сондықтан, оны шешетін де адам болмақ", - деп мәлімдеді Р. Зеллик.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны