06.04.2016, 15:31 5687

Дүниежүзілік денсаулық күні шеӊберінде Қазақстанда Зика вирусымен күрес бойынша ақпараттық науқан өтеді

Биылғы жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныӊ халықаралық медициналық-санитариялық комитеті халықаралық мағыналы қоғамдық денсаулық сақтау саласында Зика вирусыныӊ тез таралуы төтенше жағдай туғызғанын мойындады.

Астана. 6 сәуір. Kazakhstan Today - 7 сәуірде Дүниежүзілік денсаулық күні шеӊберінде Қазақстанныӊ барлық өӊірлерінде ҚР ДСИДМ Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығы және ҚР ҰЭМ Тұтынушылардыӊ құқықтарын қорғау комитеті Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығыныӊ ұйымдастыру-әдістемелік қолдауымен Зика вирусымен күрес бойынша ақпараттық науқан өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Өткізілетін кампанияныӊ мақсаты: жұртшылықтын назарын осы вирустық аурудын алдын алуға аудару, оныӊ симптомдары, маса шағудан қорғану шаралары туралы хабардарлығын артыру және т.б.

Ақпараттық науқан шеӊберінде электрондық және баспа БАҚ-та, радиостансаларда мамандардыӊ сұхбаттары; интернет порталдарында ақпараттық материалдарды орналастыру; медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында (МСАҚ) аудио- және бейнероликтерді ротациялау; тұтынушылардыӊ құқықтарын қорғау департаменті мамандарыныӊ қатысуымен баспасөз конференцияларын өткізу; жеке қорғану шаралары туралы ақпараттық білім беретін материалдарды тарату, МСАҚ ұйымдарында, оқу орындарында және халық көп шоғырланған жерлерде сөз сөйлеу сияқты іс-шаралар жоспарлануда.

Биылғы жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныӊ халықаралық медициналық-санитариялық комитеті халықаралық мағыналы қоғамдық денсаулық сақтау саласында Зика вирусыныӊ тез таралуы төтенше жағдай туғызғанын мойындады.

Бұл вирус адамдарға тропикалық өӊірлерді мекендейтін Aedes albopictus және аegypti түріндегі инфекция жұқтырған шыбын мен масалар шаққанда таралады. Ол адамдан адамға таралмайды. Ауру 4 - 7 күн бойы жеӊіл және орташа ауыр клиникалық түрінде өтеді және сауығымен аяқталады. Негізгі симптомдары: дене қызуыныӊ көтерілуі, терініӊ бөртпесі, конъюнктивит, буынныӊ және бастыӊ ауруы, жүректіӊ айнуы және құсу. Соӊымен қатар, вирустыӊ адамныӊ ішіндегі нәрестеге едәуір әсер ететіндігі туралы деректер бар. Ийелдер аяғы ауырлығыныӊ алғашқы 3-4 айында вирус жұқтырған жағдайда ішіндегі нәрестеніӊ дамуындаға ауытқуға, сондай-ақ жаӊа туған сәбидіӊ микроцефалиясына әкеліп соғады. Ерекше вакцинация және емдеу әзірге жоқ.

Аурудыӊ алдын алуы және оны бақылау масалардыӊ шыққан көзін (көбею орындарын құрту және өзгерту) жою арқылы олардыӊ санымен адамдардыӊ масалармен түйісу мүмкіндігін азайтуға негізделген.

Дүниежүзілік денсаулық күні жыл сайын 7 сәуірде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы құрылған 1948 жылдан бері аталып келе жатқанын естеріӊізге саламыз.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны