05.05.2010, 10:23 3778

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2002 жылдан бастап Қазақстанды полиомиелит ауруы таралмаған аумақ деп жариялаған

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2002 жылдан бастап Қазақстанды полиомиелит ауруы таралмаған аумақ деп жариялаған

Астана. 5 мамыр. Kazakhstan Today - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2002 жылдан бастап Қазақстанды полиомиелит ауруы таралмаған аумақ деп жариялаған, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстанда полиомиелит бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты, балаларды иммундауға қамту 2009 жылы 98,6%-ды құрады.

"Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті жанынан республикаға полиомиелит ауруы жағдайларының әкелінуі мен таралуын болдырмау бойынша іс-шараларды үйлестіру жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының құрамына ДДҰ-ның және ЮНИСЕФ елдік кеңселерінің қызметкерлері енгізілді",- делінген хабарламада.

Мекеменің хабарлауынша, 2010 жылғы 26 сәуірде жұмыс тобының бірінші отырысы өткізілді, Қазақстанның аумағына жабайы полиовирустың әкеліну жағдайына іс-әрекет жоспары әзірленді.

ҚР ДСМ Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы комитеттің аумақтық бөлімшелеріне елдегі жіті енжар параличке (ЖЕП) эпидемиологиялық қадағалау шараларын күшейту туралы тапсырма берді.

Жұмыс тобы Қазақстандағы жіті енжар параличке, сондай-ақ жабайы полиовирустан болған ЖЕП жағдайы тіркелген елдерде туындап отырған эпидемиологиялық жағдайға апта сайынғы эпидемиологиялық мониторинг жүргізуде.

Полиомелитке қарсы егілген балалар анықталуда, бұл дертке қарсы егілмеген балалар анықталған жағдайда, олар профилактикалық егуге қамтылатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны