10.06.2009, 10:55 1306

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы А (H1N1) тұмауының пандемиясы басталғанын жария етпек ниетте

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы А (H1N1) тұмауының пандемиясы басталғанын жария етпек ниетте

Алматы. 10 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы А (H1N1) тұмауының пандемиясы басталғанын жария етпек ниетте, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі БҰҰ жаңалықтар орталығына сілтеме жасап.

Ұйымның хабарлауынша, 9 маусымдағы жағдаймен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына әлемнің 73 елінен А (H1N1) тұмауын жұқтырудың 26 563 оқиғасы туралы ресми хабарлама келген, соның ішінде 140 адам аурудан көз жұмды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тұмаумен күрестің алтыншы фазасына көшу жөнінде шешім қабылдануы мүмкін екендігін жоққа шығармайды. Бұл фазаның жария етілуі ғаламдық пандемияның басталғанын меңзейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны