12.05.2006, 19:00 3096

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры ҚР СІМ-іне Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ассамблеясының алдағы отырысының күн тәртібін таныстырды

АСТАНА. 12-мамыр. Kazakhstan Today. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас пәтерінде Қасымжомарт Тоқаев пен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Ли Йонг Вуктың келіссөздері өтті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР СІМ хабарлады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры ҚР СІМ-іне Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ассамблеясының 22-мамырда өтетін отырысының күн тәртібін және өзі басқаратын ұйымның алдағы уақытқа арналған маңызды мақсат-міндеттерімен таныстырды.

Тараптар Қазақстан мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы қарым-қатынстардың даму қарқынын оң бағалап, ұлттық денсаулық сақтау жүйесін нығайту мақсатында өзара ынтымақтастық аясын кеңейту қажеттігін атап көрсетті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны