16.06.2017, 11:45 5955

Дүниежүзілік донор күніне орай Қызылорда облысы ТЖД ұжымы қан тапсырды

Қызылорда облыстық қан орталығыныӊ дәрігер-трансфузиологы О.Жұбатқановтыӊ сөзіне сүйенсек, осы күнге дейін қанды ауыстыратын қолдан жасанды зат табылған жоқ. Сондықтан донордыӊ қаны көптеген адамдар үшін ажалдан аман қалудыӊ бірден-бір жолы болып отыр. Бүгін 35 адам қан тапсырды. Акция жалғасуда

Қызылорда. 16 маусым. Kazakhstan Today - Илем жыл сайын 14 маусымды дүниежүзілік донор күні ретінде атап өтеді. Биыл осы атаулы күнге орай Қызылорда облысы ТЖД ұжымы қан тапсырды. Жалпы облыстық төтенше жағдайлар департаменті, ТЖД "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ, "Апаттар медицинасы орталығы" ММ облыстық филиалы ұжымдары үшін донор күнінде қан тапсыру дәстүрге айналған.

Қызылорда облыстық қан орталығыныӊ дәрігер-трансфузиологы О.Жұбатқановтыӊ сөзіне сүйенсек, осы күнге дейін қанды ауыстыратын қолдан жасанды зат табылған жоқ. Сондықтан донордыӊ қаны көптеген адамдар үшін ажалдан аман қалудыӊ бірден-бір жолы болып отыр. Бүгін 35 адам қан тапсырды. Акция жалғасуда,- деп хабарлайды Айгүл НҰРМАНОВА, Қызылорда облысы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобыныӊ бас маманы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны