12.07.2018, 20:25 2340

Дүниежүзілік Халықтыӊ қоныстануы күнін мерекелеуге орай Астанада #ТаӊдауҚұқығы" іс-шарасы өткізіледі.

Отбасын жоспарлау адам құқықтарыныӊ санатына 1968 жылы БҰҰ-ныӊ Тегерандағы адам құқықтары жөніндегі Халықаралық конференциясында қабылданды. 50-жылдық тәжірибе барысында көптеген іс атқарылды, дегенмен алда әлі де көп маӊызды межелер бар.

Астана. 12 шілде. Kazakhstan Today - Дүниежүзілік Халықтыӊ қоныстануы күнін мерекелеуге орай Астанада #ТаӊдауҚұқығы" іс-шарасы өткізіледі. Оныӊ биылғы жылғы тақырыбы: "Отбасын жоспарлау - Адам құқығы".

Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық мұражайында 2018 ж. 13 шілдеде Біріккен Ұлттар Ұйымыныӊ Халықтыӊ қоныстануы саласындағы қоры (ЮНФПА), "АНА ҮЙІ" қоғамдық қоры, "ARTиШОК" театры, әнші Қалия, Үкімет пен жұртшылық өкілдері #ТаӊдауҚұқығы іс-шарасына жиналады. Кездесу ток-шоу форматында өткізіледі.

#ТаӊдауҚұқығы тақырыбындағы талқыға отбасын жоспарлау құқығын жүзеге асыру кезіндегі ақпарат, қызметтер мен құралдардыӊ жетіспеушілік мәселесі салынып, бұл сұрақты шешудіӊ әдістері және маӊызды статистикалық деректер туралы сөз қозғалмақшы. Талқыға қатысушы қауым қатарында өсімпаздық денсаулықты сақтау саласында жұмыс істейтін мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, блогерлер мен белсенді азаматтар болады.

Отбасын жоспарлау адам құқықтарыныӊ санатына 1968 жылы БҰҰ-ныӊ Тегерандағы адам құқықтары жөніндегі Халықаралық конференциясында қабылданды. 50-жылдық тәжірибе барысында көптеген іс атқарылды, дегенмен алда әлі де көп маӊызды межелер бар.

Отбасын өз еркінше жоспарлау мүмкіндігіне ие әйел балаларыныӊ туылу мерзімдері арасындағы жылдар аралығын белгілеп, сол арқылы өзініӊ де, сәбилерініӊ де денсаулығын сақтап қала алады. Репродуктивті жастыӊ ерте немесе кеш кезеӊдеріндегі босану салдарынан болатын мүгедектік немесе өлім ықтималдығын төмендетуде де отбасын жоспарлаудыӊ маӊызы зор. Сонымен қатар, жағдайы қиын отбасы бала санын саналы түрде жоспарлауға мүмкіндік алса, бұл оныӊ өмірлік ахуалын өршітпей, түзетуіне себептесер еді.

Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар жұқтырудыӊ еӊ жоғарғы деӊгейі 15 пен 24 жас аралығындағы жастар арасында байқалып отыр. Отбасын жоспарлау қызметтерін дамыту, ерлер мен әйелдерде арналған презервативтерді тарату инфекцияларды жұқтыруды алдын алудыӊ еӊ тиімді жолы. Қазақстанда жүргізілген зерттеулер бойынша 15-19 жас аралығындағы жастардыӊ жартысы қысқа немесе ұзақ мерзімді қарым-қатынас кезінде жыныстық байланысқа түседі. Жыныстық тұрғыдан белсенді бозбалалардыӊ шамамен жартысы (41%) бір кезеӊде біреуден артық кісімен қатынас орнатып, жыныстық байланыс тәртіпсіздігі мәселесіне аса назар аудармайды екен.

Сонымен қатар, #ТаӊдауҚұқығы шарасы жоспарламаса да ана болуға, баланы дүниеге әкеліп тәрбиелеуге ұйғарған ананыӊ құқығы туралы сөз етпек. Туысқандары мен қоғамныӊ қабылдамауына, ұят деп жәбірленуіне және келешегі үшін алаӊдауына қарамастан әйел сәбиін таӊдауына құқылы. Сол құқығын ол қауіпсіздік пен қамқоршылық жағдайында жүзеге асыру үшін қандай мүмкіншіліктер жасалытыны туралы "АНА ҮЙІ" қоғамдық қоры мен осы салада жұмыс істейтін басқа да сарапшылар пікір алмасып, тәжірибелерін көрсетеді.

Бұл шара сіз үшін бірнеше себеппен қызықты болады:

o Қазақстандағы отбасын жоспарлау мен өсімпаздық денсаулығын сақтау жөніндегі соӊғы деректермен танысасыз.

o Отбасын жоспарлау мәселесіне денсаулық сақтау мен білім алу тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар, экономикалық тұрғыдан да көз тастауға мүмкіндік аласыз.

o Өмір жолында қиыншылыққа ұшырап, тығырықтан шығу жолын тапқан жас аналар тәжірибесін естисіз.

o Ахуалды жақсарту үшін не істеуге болатыны және ауыр өмірлік жағдайда қайдан көмек сұрауға болатыны туралы ақпарат аласыз.

o Өзіӊіздіӊ пікіріӊізді білдіріге мүмкіндік аласыз.

Біздіӊ жаӊалықтарды Фейсбуктегі парағымыз арқылы біліп тұрыӊыз:

https://www.facebook.com/UnfpaInKazakhstan/

https://www.facebook.com/dommamy.kz/

Бұл күні біз көптеген қызықты мәлімет жариялайтын боламыз, сонымен бірге, біз көтеретін мәселелер туралы жазғанда #ТаӊдауҚұқығы хэштегін қоюыӊызды өтінеміз.

Өткізілу орны: ҚР Ұлттық мұражайы конференц-залы. Тәуелсіздік даӊғылы 54, Астана қ.

Өткізілу уақыты: 2018 ж. 13 шілде күні 17:00-20:00 сағат аралығында.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны