19.10.2018, 19:38 4659

Дүниежүзілік остеопорозбен күрес күні қарсаӊында қазақстандықтар тегін диагностикадан өте алады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныӊ (ДДҰ) бастамасымен 1997 жылдан бастап 20 қазанда атап өтілетін Дүниежүзілік остеопорозбен күрес күні қарсаӊында қазақстандықтар тегін диагностикадан өте алады.

Астана. 19 қазан. Kazakhstan Today - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныӊ (ДДҰ) бастамасымен 1997 жылдан бастап 20 қазанда атап өтілетін Дүниежүзілік остеопорозбен күрес күні қарсаӊында қазақстандықтар тегін диагностикадан өте алады. Қазақстандық остеопороз бойынша дәрігерлер қауымдастығы, Danone компаниясы және танымал қазақстандық биатлоннан Ванкувер Олимпиадасыныӊ күміс жүлдегері Елена Хрусталёва 17-19 қазан аралығында Алматы қаласыныӊ №5 емханасында және С. Ж. Асфендияров атындағыҚазҰМУ ішкі аурулар клиникасындаақылы негізде осы қызметті ала алмайтын жандар үшін остеопорозды тегін диагностикалау бойынша акция өткізеді.

Остеопороз - бұл адам сүйегі тығыздығыныӊ төмендеуімен сипатталатын ауру, ал оныӊ нәтижесі аяқ-қол мен омыртқа сүйектерініӊ жиі сынуына апарады.

Қазақстанда, остеопороз бойынша қазақстандық дәрігерлер қауымдастығыныӊ мәліметтері бойынша, остеопороздан 55 жастан асқан әйелдердіӊ 30%-ы, ал ерлердіӊ10-20% зардап шегеді. 2012 жылдан бастап елде остеопороздыӊ таралуы 60% - ға өсті, бұл жағдайды мамандар аталмышкеселді диагностикалау әдістерін жетілдірумен және Қазақстанда өмір сүру ұзақтығыныӊ өсуімен байланыстырады.

Гүлжан Ғабдуллина, остеопороз бойынша дәрігерлер қауымдастығыныӊ Төрайымы, медицина ғылымдарыныӊ кандидаты:

- Дүниежүзілік остеопорозбен күрес күні қарсаӊында біз қоғамныӊ остеопороздыӊ алдын алу, оны диагностикалау және емдеу туралы құлағдарлығын арттыру үшін осы "21 ғасырдыӊ мызғымас індеті" мәселесін тағы бір мәрте көтергіміз келеді.Дәрігерлер қауымы, бизнес өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен белсенділер өз күш-жігерін біріктіре отырып, қазіргі уақытта остеопорозды денситометрия арқылы дер кезінде диагностикалауға болатынын, ал аурумен күрестіӊ еӊ тиімді шараларыныӊ бірі сүйек тіндерініӊ әлсіреу процесін алдын алу екендігін қоғамға жеткізгісі келеді. Мұнда шешуші рөл атқарады депдұрыс, балансталған тамақтану және кальций мен D витаминіне бай сүт, қышқыл сүт өнімдерін рационға қосуды айтуға болады.

Остеопорозды дұрыс диагностикалаудыӊ "алтын стандарты" - денситометрия. Сүйек денситометрлерініӊ көмегімен сүйек тінініӊ тығыздығы өлшенеді және остеопороз анықталады, оныӊ сатысын білуге мүмкіндік бар. Бірақ бұл қымбат құрал-жабдықтар Қазақстанда әзірге аз және негізінен, олар жеке клиникаларда. Сондықтан, Дүниежүзілік остеопорозбен күрес күні қарсаӊында алматылықтарға берілетін тегін тестілеуден өту мүмкіндігі шынымен - ерекше бастама.

Тамақтану тұрғысынан остеопороздыӊ алдын алу рационда екі элемент - D витамині және кальций болуымен негізделеді. Бұл дуэт әрқашан да бірін-бірі толықтырып қатар жүріп отыруы орынды. Құрамында кальций бар өнімдер адам баласыныӊ мәзірінде жастайынанбастап үнемі болуы қажет. Дұрыс тамақтану арқылы, біз сүйек тінін нығайтып, остеопороздыӊ алдын ала аламыз.

Дінмұхамед Айсаутов, Danone Berkut корпоративтік қатынастар бойынша директоры:

Danone компаниясы-сүт өнімдерін өндіру және өӊдеу саласындағы әлемдік сарапшы, оныӊ ішінде балаларға арналған және адамбаласыныӊ күнделікті тұтынуына қажетті өмірлік маӊызды микроэлементтер мен заттарды рационға алып келеді.Остеопороз проблемасыныӊ өзектілігін сезіне отырып, Danone үнемі жаӊа, кальцийге бай өнімдерді әзірлейді және пайдалы әрі дәмді,сондай-ақ, қауіпсіз өнімді ұсынуға тырысады. Біз балансталған, сапалы және пайдалы тамақтанудыӊ остеопороздыӊ алдын алуда мықты негіз бола алатын "күніне үш қышқыл сүт өнімдері" принципін қолдаймыз.

Дұрыс тамақтану ғана остеопороздыӊ алдын алу бағдарламасына енбейтіні анық, яғни,физикалық белсенділік, дұрыс есептелген жүктемемен спортпен айналысу өте маӊызды. Өйткені спортпен айналысу ағзаға түсетін барлық қоректік заттарды барынша сіӊіруге мүмкіндік береді.

Елена Хрусталёва, биатлоншы, Ванкувердегі Олимпиада ойындарыныӊ күміс жүлдегері:

- Біз спортшылар дұрыс тамақтану мен физикалық еӊбектіӊ үйлесімі қаншалықты маӊызды екенін жақсы білеміз, өйткені тек жаттығуларға ғана емес, сонымен қатар, біз рационға да айрықша назар аударамыз.Қышқыл сүт өнімдеріндегі кальций физикалық жаттығулармен бірге тамаша нәтиже береді. Мен, мысалы, йогурт, айран, сүзбені тұтынамын, себебі бұл пайдалы, ал Danone-ға келсек, ол бұған қоса өте дәмді".

Остеопороз жұқпалы емес аурулардыӊ жаһандық құрылымында төртінші орынға ие. Осы кеселдіӊсалдарынан келтірілген үлкен медициналық және әлеуметтік-экономикалық залал бұл мәселеге әлем ғалымдары мен жұртшылығыныӊ асқан қызығушылығын тудырып отыр.

Сондықтан алдын алу шаралары өте маӊызды және бизнес пен қоғамдық пікірдіӊкөшбасшылары аталмыш аурумен күрес қауымдастығын белсенді түрде қолдайды,және мұндай бастамалар біздіӊ елімізде жақын арада остеопорозбен шалдыққандардыӊсанын төмендетеді деп үміттенуге мүмкіндік сыйлайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны